Пылесос VITEK VT-1826 R/BK - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
15
ҚАЗАҚША
• Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
• Шаңсорғышты балаларға ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат бермеңіз. Жұмыс істеп тұрған
құрылғының қасында балалар немесе мүмкіншілігі
шектеулі жандар болған кезде, өте абай болыңыз.
• Бұл құрылғы балалар мен мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың пайдалануына арналмаған, ол
тек, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адаммен қауіпсіз пайдалану туралы тиісті және
түсінікті нұсқаулықтар және құрылғыны дұрыс
пайдаланбаған жағдайда пайда болуы мүмкін
қауіптер туралы түсінік берілген жағдайда ғана
мүмкін.
• Желілік шнурды немесе шланганы шаңсорғышты
тасымалдауға
арналған
тұтқа
ретінде
пайдаланбаңыз, желілік шнур есік арасынан
өтіп тұрған жағдайда есікті жаппаңыз, сондай-ақ
желілік шнурдың өткір жиектеріне немесе
жиһаздың бұрыштарына тиюін болдырмаңыз.
Бөлмені жиыстыру кезінде желілік шнурды
шаңсорғышпен басуға тыйым салынады, себебі
желілік шнур зақымданып қалуы мүмкін.
• Шаңсорғышты желілік ашасының немесе желілік
шнурының бүлінген жерлері болса немесе
құрылғы әрең жұмыс істеп тұрса, сондай-ақ
құлағаннан кейін оны пайдалануға тыйым
салынады. Құрылғыны өз бетіңізше жөндемеңіз.
Барлық жөндеу сұрақтары бойынша рұқсаты бар
(уәкілетті) сервис орталығына жүгініңіз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ҮЙДЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Егер жинау кезінде шаңсорғыштың сору қуаты
күрт төмендеп кетсе, шаңсорғышты дереу өшіріп,
желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырыңыз және телескоптық түтіктің немесе
шлангтың бітелгендігін тексеріңіз. Бітелген
қоқысты алып тастаңыз және тек осыдан кейін
ғана жиыстыруды бастауға болады.
• Шаңсорғышпен жинауды қатты қызып тұрған
беттерге тікелей жақын жерде, күлсалғыштардың
қасында, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар
сақталған жерлерде жүргізбеңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғыны
төменгі
температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны
бөлмелік температурада кемінде екі сағат уақыт
бойы ұстау керек.
• Шаңсорғышты толығымен қораптан шығарып
алыңыз да, оның бүлінген жерлерінің жоқ
болуын тексеріңіз. Зақымданға жерлерді
байқаған жағдайда шаңсорғышты қоспаңыз және
пайдаланбаңыз.
• Шаңсорғышты бірінші рет қосар алдында, электр
желісіндегі кернеу шаңсорғыштың жұмыс кереуіне
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Саптама қылшақтарды ауыстырған кезде,
сондай-ақ тазалау кезінде шаңсорғышты үнемі
өшіріп, желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырып отырыңыз.
Иілмелі шлангты жалғау және шешу
• Иілмелі шлангтың ұштығын (8) ауа қармауыш
саңылауға (9) ұштықтағы дөңестер ауа қармауыш
саңылаудағы ойықтарға келетіндей етіп
орнатыңыз және ұштықты сағат тілінің бағытымен
бұраңыз (сур.1).
• Иілмелі шлангты шешіп алу үшін оның ұштығын (8)
сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз да, шлангты
шешіп алыңыз.
Телескоптық түтікті және ұштықты жалғау
• Телескоптық ұзартқыш түтікті (4) иілмелі шлангтың
сабына (6) жалғаңыз (2-сур.)
• Телескоптық түтіктің төменгі жағын қажетті
ұзындыққа дейін шығарыңыз, ол үшін бекіткіш
түймесін (3) алдын ала басу керек (3-сур.)
• Қажетті саптаманы таңдаңыз – еден/кілем
беттеріне арналған қылшақ (1), турбо-қылшақ (26)
немесе құрамдастырылған қылшақ (27) – және
оны телескоптық ұзартқыш түтікке (4) жалғаңыз
(4-сур.).
Еденге/кілем беттеріне арналған қылшақ (1)
Қылшақтағы (1) ауыстырып-қосқышты (2) (жинастыру
жүргізіліп жатқан беттің түріне байланысты) қажетті
күйге орнатыңыз.
Турбо-қылшақ (26)
Турбо-қылшақты (26) едендерді, кілемдерді және
орташа және қысқа түкті кілем беттерін тазалау
үшін пайдалануға болады, ол кілем беттерінен
жануарлардың жүндерін жинап алуға өте қолайлы.
Қатты түгі бар цилиндрлік қылшақ ауа ағымының
әсерінен айналып тұрады, оның түгі жануарлардың
жүнін жақсы «тарайды» және кілем беттеріндегі
түктен қоқымдарды «сыпырып шығарады».
Ескертпе:
Турбо-қылшақты ұзын шашақты және
түгі 15 мм-ден ұзын кілемдерді тазалауға тыйым
салынған, бұл түктердің айналған кезінде кілемді
бүлдіріп алмау үшін қажет. Турбо-қылшақты электр
сымының үстімен жүргізбеңіз, турбо-қылшақты
пайдаланып болғаннан кейін жиыстыру аяқталған
соң міндетті түрде шаңсорғышты өшіріңіз.
Құрамдастырылған саптама (27)
Саптама тек радиаторларды, саңылауларды,
1826.indd 15
11.10.2013 16:25:13