Пылесос Polaris PVC 2003RI - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

30
1.
Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PVC 2003RI POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын тұрмыстық шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша – шаңсорғыш, құрылғы)
жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар
құрылғыны сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2.
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Құрылғыны пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Құрылығыны
комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында пайдалану, бұл құрылғының шамадан
тыс жүктелуiне әкеліп соғады, сонымен құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде
қолданылуы, оның жұмыс істеу мерзімін азайтып, істен шығуына немесе зақымдалуына
әкеледі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру мүмкін.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықты
міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғы осы Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Әр жолы құрылғыны қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электр
желілік баусымның ақаулығы анықталған жағдайда, құралды ашалы розеткаға қосуға
мүлдем болмайды.
Құрылғы еденге, жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз. Құрылғыны пайдаланбас бұрын
оны білікті маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана
тексеру тиіс.
Назар аударыңыздар! Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем
болмайды.
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас
бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құрылғының
техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құрылғыны электр желіге жалғастырып, қоспас бұрын, әрдайым оның өшірілу күйінде
тұрғандығына, яғни құрылғының ауыстырып қосатын ауыстырғыш тетігі сөндірулі қалпында
тұрғандығына көз жеткізіңіз.