Пылесос Polaris PVB 1805 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

40
Тұтқыштан сүзгішті суырып алыңыз. Содан кейін сүзгішті жылы ағын судың астында жақсылап
жуып, шайып тазалаңыз және бөлме температура барысында, ешбір қыздырусыз табиғи жолмен,
яғни кәдімгі қалпымен әбден құрғатыңыз (сүзгіштерді құрғату үшін қыздырып кептіретін
құралдарды пайдалануға тыйым салынады), сүзгіш әбден құрғақ болған соң, оны суырып алынған
сүзгісінің тұтқышына салып, өз орнына орнатыңыз. Сүзгішті дымқыл түрде шаңсорғышқа
орнатуға тыйым салынады. Сүзгішті орнына орнатпас бұрын, оның зақымдалмауын тексеріңіз.
Бүлінген сүзгішті пайдаланбаңыз, сүзгіштің қандай да бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде,
оны басқа бір жаңа түпнұсқаулық біреуіне ауыстырыңыз.
Тазартылған, құрғатылған, ақауы жоқ сүзгішті оның тұтқышына салып, өз орнына орнатыңыз.
Содан кейін шаңжинағыш мата немесе қағаз қабын оның ұстағышымен бірге шаңжинағыш
бөлігіне орнатыңыз. Шаңжинағыш бөлігінің қақпағын сарт еткізіп жабыңыз, яғни шертпек секілді
сарт еткен дыбыс естілмейінше бекітіп жабыңыз, шаңжинағыш бөлігінің қақпағын жабқан кезде,
оған артық күш салмаңыз.
Шаңжинағыш бөлігінің қақпағын бұзып алмас үшін, оның сүзгіш орнатылатын бөлігінде сүзгі мен
шаңжинағыш қабы орнатылмаған болса, шаңжинағыш бөлігінің қақпағын жабқан кезде, оған
артық күш салып, жабуға тырыспаңыз, себебі, сүзгі мен шаң жинауға арналған қабы ұстағышымен
бірге орнатылмаған жағдайда, қақпақтағы құлып бұғатталып бекітілмейді, оның бекітілуіне блок
қойылады.
Ауа шығаратын сүзгішті тазарту
Атмосфераға ауа түспес бұрын, ол ауа өткізіп шығаратын сүзгіш арқылы соңғы тазарту үдерісінен
өтеді, бұл сүзгіш құрылғының артқы жағында орналасқан. Бұл сүзгішті келесі жолмен тазарту
қажет:
1.
Құрылғыны сөндіріңіз, содан кейін оның электр желілік баусымын электрлік қоректендіру
желісінен ажыратыңыз. Құрылғының электрмен қоректендіретін желілік баусымын желіден
ажыратқан кезде, оның желілік баусымнан емес, штепсельді ашадан ұстап ажыратыңыз.
Құрылғының электр желілік баусымын орап жинаңыз, ол үшін құрылғының желілік баусымын
автоматты түрде орау батырмасын қолданыңыз.
2.
Құрылғының артқы жағында орналасқан сүзгіші бар артқы қақпағын шешіп алу үшін,
қақпақтағы құлыптау батырмасын төмен қарай басыңыз, поролон сүзгіші бар қақпағын ашып,
құрылғыдан ажыратып алыңыз. Ауа шығаратын шығыс сүзгішті өзіңізге қарай тартып,
қақпақтан ажыратып алыңыз. Құрылғының артқы жағында орналасқан бөлігінен HEPA –
сүзгішті шығарып алыңыз.