Пылесос Gorenje VC2301SPWCY - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

- 46 -
ҚАУІПТІЛІК
Аспапты суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
Желілік шнурды және ашаны дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Шлангты және қондырмаларын жалғар немесе ауыстырар алдында аспапты өшіріңіз.
// Аспапты қапсыз немесе шаң жинағышсыз (моделіне байланысты), шығару сүзгісісіз
және мотор сүзгісісіз қолданбаңыз. // Сору қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін
соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Тұрбаның саңылауларын шаңнан,
шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. //
Аспапты шлангасынан және шнурынан тартпаңыз. Шнурдың ыстық беттерге тимеуін
және майыспауын қадағалаңыз. Орау кезінде шнурды қолыңызбен ұстап тұрыңыз. //
Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде аспаптың қызып кетуінің және сынуының алдын алу
үшін шнурды 2/3 ұзындыққа ғана шығарыңыз. Егер аспап қатарынан бірнеше сағат
жұмыс жасаса, шнурды толықтай ораңыз. // Жарақат алудың алдын алу үшін түтікті
және қондырмаларды аспап жұмыс жасап тұрған кезде басыңызға және денеңізге
жақындатпаңыз. // Аспапты күлді, ыстық және бықсып жатқан заттарды, жоңқаларды,
тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік),
өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады.
Аспапты тонерді және сол сияқты материалдарды жинау үшін қолдануға тыйым
салынады. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) жинау үшін
қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін. // Баспалдақтарды
жинау кезінде аса сақ болыңыз.
Аспап келесі еуропа директиваларына сәйкес келеді:
2014/35/EU; 2014/30/EU;
2009/125/ES; 2011/65/EU. 666/2013/EU (VCE03SPRCY).
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/
EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (Waste Electrical and Electronic Equipment –
WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды
жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.