Пылесос Galaxy GL6231 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.8 Егер ол қараусыз қалса және құрастырудың, бөлшектеудің немесе
тазалаудың алдында адаптерді әрдайым қуат беру желісінен ажыратып
отырыңыз. Адаптерді сонымен бірге кез келген ақаулықтар орын алған
жағдайда және жұмыс аяқталғаннан кейін де желіден ажыратып отыру
қажет.
4.9 Адаптердің қуат беру баусымының бүтіндігін қадағалап отыру қажет.
Бұйымды бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.10 Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу үшін оны
дайындаушы немесе оның агенті, немесе аналогтік біліктік тұлға ауысты
-
руы керек. Қуат беру баусымын ауыстыру қолданыстағы тарифқа сай
авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылады.
4.11 Бұйымға қате қарау оның бұзылуына, қолданушыға немесе оның
мүлігіне зиян тигізуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.12 Бұйыммен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану
қауіпті болуы және бұйымның бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.13 Шаңсорғыштың көмегімен суды немесе басқа да сұйықтықтарды, жа
-
нып немесе түтіндеп жатқан темекіні, жалынсыз күлді, сонымен қатар,
сылақтан, бетоннан немесе күлден болған жұқадисперстік шаңды жинауға
тыйым салынады.
4.14 Жеткізілім жиынтығына кіретін керек-жарақтарды және саптамаларды
ғана қолданыңыз.
4.15 Шаңсорғышты тазалауды тұрақты жүргізіп отырыңыз.
4.16 Аккумуляторды (АКБ) зарядтау үшін тек шаңсорғыштың аталған
үлгісінің жиынтығына кіретін зарядтау құрылғысын (адаптерді)
қолданыңыз. Аталған адаптерді басқ а мақсаттар үшін қолданбаңыз.
4.17 Шаңсорғышты дымқыл беттерге қолданбаңыз.
4.18 Құрылғының шығыс саңылауын қандай да болмасын заттармен жабуға
тыйым салынады.
4.19 Егер оның қандай да болмасын саңылаулары бұғатталса, құрылғыны
іске қосуға тыйым салынады.
4.20 Шаштардың, саусақтардың немесе дененің басқа да бөліктерінің, со
-
нымен бірге киімнің еркін салбырап тұрған элементтерінің шаңсорғыштың
ауа жинағыш саңылауларының жанында болмауларын қадағалаңыз.
4.21 Шаңсорғышты егер шаң мен қоқысқа арналған контейнер
орнатылмаған \ қате жиналған және сүзгі орнатылмаған болса қолдануға
тыйым салынады.
4.22 Шаң мен қоқысқа арналған контейнер мен құралды әрбір қолданудан
кейін тазалап отырыңыз.
4.23 Шаңсорғышты үй жануарларын тазалау үшін қолданбаңыз.
4.24 Құрал тек жиынтықта жеткізілетін түпнұсқалық АКБ және желілік
адаптермен жұмыс істеуге ғана есептелген. Қуат пен зарядтау үшін бөгде
құрылғыларды қолдану құралдың бүлінуін шақыруы мүмкін.
4.25 Құралды және адаптерді қараусыз қалдырмаңыз. Құрал мен адаптерді
балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз.
4.26 Адаптерді оның желілік сымынан ұстап жылжытуға болмайды.
4.27 Шаңсорғыштың жұмысы кезінде жиналушы бөлменің еденінде жұмыс
істеп тұрған қыздырғыш құралдарды және басқа да жылудың көздерін
орналастырмаңыз.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)