Посудомоечные машины AEG F65410VI - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Су құбырына қосылу
Машинаны суық су жүйесіне қосуға кеңес береміз. Егер ыстық суды
пайдалансаңыз,судың рұқсат етілген ең жоғарғы температурасы - 60°C.
Ыстық су қосу аса кірленген ыдыстарды жуу кезінде әрқашан тиімді бола
бермейді, себебі бұл жуу бағдарламасының ұзақтығын әжептәуір
қысқартып жібереді.
Тығырық су құбырына қосылымды жүзеге асыру үшін, машинаның су
беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾ бұралып түтікке түйістіруге
немесе жедел жалғастыратын шүмекке қосуға арналған.
Су қысымы "Техникалық деректер" бөлімінде берілген шектер шегінен
аспауы тиіс. Аймағыңыздағы су құбырларындағы орташа қысым туралы
мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз ететін орыннан ала аласыз.
Су беретін түтікті қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп
қалмаған болуы керек.
Ыдыс жуғыш машинатың функциялары,контргайканың көмегі арқылы
солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен
толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады.
Су ағып кетудің алдын алу үшін контргайка дұрыс орнатылуы керек.
(Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыштардың барлық модельдері бірдей
контрагайкамен жабдықталған су беру және жуындыны жіберу
түтіктерімен ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕГЕН. Аталмыш жуғышта бұл құрылғы
қарастырылмаған). Егер бұл бұйым жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт
пайдалануда болмаған құбырларға қосылмақ болса, су қабылдайтын
түтікті қоспас бұрын, суды бірнеше минут ағызып қойыңыз.
Ескі машиналарда қолданылған түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл бұйым аталмыш машинада қолданылған судың таза ауыз су жүйесіне
қайта барып қосылуынан сақтандыратын қауіпсіздік құралымен
жабдықталған. Бұл бұйым қолданыстағы сантехникалық ережелерге сай
келеді.
Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын түтік
Қос қабатты су қабылдайтын түтікті қосып болғаннан соң, қорғауыш
клапан шүмектен кейін орналасады. Сол себепті су беретін түтік су ағып
тұрған сәтте ғана қысымды болады. Суды қабылдайтын түтіктен су кетсе,
қорғауыш клапан су беруді тоқтатады.
Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде, келесі кеңестерге назар
аударыңыз:
• Қорғауыш клапанға келетін электр тоғының сымы қос қабатты түтіктің
ішіне енгізілген. Су қабылдайтын түтікті немесе қорғауыш клапанды
суға батырмаңыз.
• Егер су қабылдайтын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бұзылса,
машинаны электр желісінен ажыратып қойыңыз.
• Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын түтікті жергілікті қызмет көрсету
орталығының қызметкері ауыстырып беруі керек.
• Су қабылдайтын түтік ешқашан қорғауыш клапанның астыңғы жағынан
жоғары орналаспау керек.
Орнату
29
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)