Планшеты Lenovo Tab P11 TB-J606L, темно-серый (ZA7S0090RU) - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

51
Қауіпсіздік және пайдалану туралы маңызды
ақпарат
Пластикалық пакет туралы ескерту
Қауіпті:
пластикалық пакеттер қауіпті болуы мүмкін. Тұншығу қаупінің алдын алу
үшін пластикалық пакеттерді кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Жоғары дыбыс деңгейімен қолдану туралы ескерту
Ескерту:
кез келген дыбыс көзін қатты дауыспен ұзақ уақыт тыңдау салдарынан
есту мүшеңізге зиян келуі мүмкін. Дыбыс неғұрлым қатты болса, есту мүшеңізге
соғұрлым тез зиян келеді. Есту мүшесін қорғау үшін:
• Дыбыс деңгейі жоғары құлаққаптарды немесе құлақаспаптарды қолдану
уақытын шектеңіз.
• Айнала шуын оқшаулау үшін дыбыс деңгейін көтермеңіз.
• Қасыңыздағы адамдардың сөзін естімесеңіз, дыбыс деңгейін азайтыңыз.
Есту мүшесіне қатысты бір қолайсыздықты, оның ішінде қысым түсуін немесе
құлақтардың толып кеткендей болуын, құлақтың шыңылдауын немесе
басқалардың сөзі бәсең естілуін байқасаңыз, құрылғыны құлаққап немесе
құлақаспап арқылы тыңдауды доғарып, есту мүшеңізді тексертуіңіз керек.
Есту мүшесіне зақым келуіне жол бермеу үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ
уақыт тыңдамаңыз.
Ата-аналар мен ересек бақылаушыларға арналған
қауіпсіздік нұсқаулары
Мобильді құрылғы ойыншық емес. Барлық электр өнімдерді қолданған
жағдайдағыдай, ток соғу қаупін азайту үшін электр өнімдерді ұстаған және
пайдаланған кезде, сақтық шаралары қолданылуы керек. Егер ата-аналар
балаларға құрылғыны пайдалануға рұқсат берсе, олар балаларына мобильді
құрылғыны ұстаған және пайдаланған кезде қауіп төнуі мүмкін екенін ескертуі керек.
Ата-аналар мобильді құрылғының (оның ішінде қолданылуына қарай айнымалы
ток адаптерінің және кіші бөлшектің) зақымдалмағанын үнемі тексеріп отыруы
керек. Құрылғының дұрыс жұмыс істейтініне және балалардың пайдалануына
қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін бұл мобильді құрылғыны жүйелі тексеріп тұрыңыз.
Қайта зарядталатын ішкі батарея туралы ескерту
Қауіпті:
қайта зарядталатын ішкі литий-иондық батареяны ауыстыруға
тырыспаңыз. Бастапқы батареяны үйлесімді емес батарея түрімен ауыстырған
кезде, жарылу, шамадан тыс қызу немесе басқа қауіп-қатерлер салдарынан
жарақат алу не мүліктің зақымдалу қаупі артуы мүмкін. Батареялар жинағын
бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет жасамаңыз. Осындай әрекет салдарынан
қауіпті жарылыс болуы немесе батарея сұйықтығы ағып кетуі мүмкін.