Отпариватели Scarlett SC-GS130S19 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM020
СУ ҚҰЮ
•
Су құятын сауыттың дөңес жерінен тарту арқылы алып шығыңыз.
•
Сауытты төңкеріңіз де, қақпағын бұрап алыңыз.
•
Сауыттағы ең үлкен көлем белгісінен асырмай су құйыңыз.
•
Сауыттың қақпағын бұрап жабыңыз.
•
Сауытты орнына салыңыз.
•
Егер сауыттағы су таусылса, әуелі булағышты өшіріңіз, содан кейін оны электр желісінен ажыратыңыз да,
тек содан кейін ғана су құйыңыз.
•
Аспапты құрастырылған күйінде тегіс орнықты беткі қабатқа қойыңыз. Аспап жұмысқа дайын.
ЖҰМЫСЫ
•
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
•
Киім ілгішке бумен тегістегіңіз келген киімді іліңіз.
•
Бумен тегістеуді ыңғайлы ету үшін аспапта заттарды ұстап тұруға арналған тақта көзделген. Бумен
тегістеу кезінде ол бумен тегістеліп жатқан заттың ар жағында болуға тиіс.
•
Тақтаны өзіңізге ыңғайлы қалыпта орнатуға болады: жоғарыға: тақтада орналасқан арнайы бекіткіштермен
ілгішке іліндіру арқылы; немесе арнайы бекіткіштердің көмегімен тіреулерге тігінен іліндіру арқылы.
•
Реттегіш тетіктің көмегімен булау қарқынының керекті деңгейін таңдаңыз.
•
Шөткені қондырмаға орнатыңыз.
•
Аспап булауға дайын.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
•
Матаның бойымен керекті нәтижеге жеткенше баяу қимылмен жоғары-төмен жүргізіңіз.
•
Жұмыс кезінде иілгіш түтіктің ширатылып қалмауын қадағалаңыз.
•
Булаған кезде қондырманы киімге ақырын ғана тигізіп отырыңыз.
•
Буға айналған су булағыш аспапқа кері ағуы үшін қондырманы әрдайым тік күйінде ұстаңыз. Егер көлбеу
жатқан киімді булап тегістесеңіз, буға айналған су кері ағуы үшін иілгіш түтікті жиірек көтеріп отырыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Қондырманың саңылауларынан шығатын ыстық бу денеңізге тиіп кетпес үшін булап тегістеу
кезінде қондырманы денеңізден алыс ұстаңыз.
•
Шалбарды бумен тегістеу ыңғайлы болуы үшін киім ілгіштегі кірқысқыштарды пайдаланыңыз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
•
Бумен тегістеуді аяқтағаннан кейін реттегіш тетікті OFF қалпына қойыңыз.
•
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Аспап суығанша 30 минут күтіңіз.
•
Қондырманы оған арналған ұстатқышқа орнатыңыз да, аспаптың суығанын күтіңіз.
•
Сауыттан суды төгіп тастаңыз.
•
Бунақты тіреудің биіктігін азайтыңыз да, аспапты сақтау үшін ыңғайлы жерге апарып қойыңыз.
ҚАҚТАН ТАЗАЛАУ
•
Уақыт өткен сайын буландырғыштың басты тораптары мен бөліктеріне қақ тұра бастайды. Ай сайын
буландырғышты қақтан тазарту жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
•
Мына пропорцияда ерітінді дайындыңыз: 50% cірке суы және 50% су. Осындай ерітіндінің екі кесесі
жеткілікті.
•
Сауытқа ерітіндіні жәймен құйыңыз.
•
Ерітіндімен жұмыс циклын жүргізіңіз. Содан кейін, сауытты ағын сумен жуыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
•
Тазартылған немесе минералсызданған суды пайдалану тазалаудың жиілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Бірақ жай суды да пайдалануыңызға болады.
•
Құрылғыны сөндіріп, электр желісінен ажыратыңыз.
•
Құбыршек пен телескопиялық тіреуішті ажыратып, бөлек алып қойыңыз.
•
Сауыттан суды төгіп тастаңыз, оны таза сумен шайып, кептіріп қойыңыз.
•
Негізді жуыңыз.
САҚТАУ
•
Cақтау алдында, құралды желіден ажыратылғанына және толық суық екеніне көз жеткізіңіз.
•
ТАЗАЛАУ және КҮТУ бөлімінің талаптарын орындаңыз.
•
Құралды құрғақ салқын орында сақтаңыз.
•
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек
дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
•
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
•
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
SC-GS130S19
10
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













