Обогреватели Scarlett SCA H VER31 1000 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM2022
42
1. Термостат тұтқасы
Бөлмеде қажетті температураны орнату үшін қолданылады.
2. Қыздыру индикаторы
Құрылғы қызған кезде жанады.
3. Қуат режимдерін ауыстырып қосқыш тұтқасы
Ол келесі қыздыру режимдерін таңдау үшін қолданылады: "0" өшірулі, "I" төмен
қуат, "II"жоғары қуат.
* Сурет анықтама ретінде берілген және нақты басқару тақтасынан өзгеше
болуы мүмкін
Конвекторды пайдалану
1. Қосу
1.1 конвекторды электр желісіне қосыңыз, электр сымының ашасын электр
розеткасына салыңыз.
2. Қыздыру қуатын таңдау
2.1 Төмен жылу қуатын таңдау үшін пернені "I" күйіне орнатыңыз.
2.2 жоғары жылу қуатын таңдау үшін пернені "II" күйіне орнатыңыз.
Температураны орнату
Термостаттың тұтқасын сағат тілімен тоқтағанша бұраңыз. Бөлме температурасы
қажетті деңгейге жеткенде, термостаттың тұтқасын құрылғы өшірілгенге дейін
сағат тіліне қарсы бұраңыз, термостаттың өшірілген дыбысы шығады. Енді
термостат конвекторды мезгіл-мезгіл қосып, өшіре отырып, белгіленген
температураны сақтайды.
Әсіресе суық ауа райында конвектор бөлмені толық жылыта алмауы мүмкін. Бұл
жағдайда термостат тұтқасын қалаған деңгейден сәл жоғары етіп орнатыңыз.
Өшіру
Қыздыру режимдерінің ажыратқыш пернелерін "0" қалпына орнатыңыз және
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
9.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Аспаптың сыртын тұрақты түрде шаң-тозаңнан және ластанудан тазалап отыру
қажет, өйткені бұл оның жұмыс істеу тиімділігіне және үй-жайды жылытудың
температуралық параметрлеріне әсер етеді.
Профилактикалық жұмыстарды орындау алдында аспапты сөндіріңіз және оны
электр желісінен ажыратыңыз, оған салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін оның
бетін жұмсақ сәл ылғалды шүберекпен сүртіп шығыңыз. Тазалау үшін жуу
құралдарын, оның ішінде абразивті құрамдары бар құралдарды пайдаланбаған
абзал. Аспаптың өткір заттармен зақымдалуына жол бермеңіз, өйткені боялған
беттегі сызаттар тоттың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Конвектордың артқы бөлігін де тұрақты түрде шаңнан және ластанудан тазалап
отыру керек. Ол үшін аспапты кронштейннен шешіп алыңыз, ал тазалағаннан
кейін, оны бастапқы күйіне қайтарыңыз.
Профилактикалық тазалау рәсімін конвектордың техникалық күйін қолдау және
оның сыртқы түрін ұзақ жылдар бойы сақтау үшін тұрақты түрде жүргізіп отырған
жөн.
ЕСКЕРТУ:
Беткі жағында эмаль түсінің өзгеруі ақау болып табылмайды, өйткені бұған ауада
шаң-тозаң мен басқа да ластау бөлшектерінің жоғары құрамы себеп болады.













