Обогреватели Hyundai H-HC2.0-X10 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM2021
31
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жылытқыштың көлденең орнатылғанына көз жеткізіңіз. Жылытқыш еденнен
кемінде 1,8 м биіктікте орнатылуы тиіс (9-суретті қараңыз).
9-
сурет
Электр желісіне қосу
1. Жылытқыш бір фазалы кернеулікпен 220-240 В ~ 50 Гц және жерге тұйықталу
контуры бар электр желісіне іске қосуға арналған.
2. Іске қосар алдында жұмыс істейтін орнындағы электр желісі параметрлерінің
аспаптың техникалық деректері бар таңбалау тақташасында көрсетілген
параметрлерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
3. Жылытқышты электр желісіне қосу желілік баусым мен желілік ашаның
көмегімен жүргізіледі.
4. Электр розеткасы дұрыс жерге тұйықталуы тиіс. Розетка аспаптың номиналды
тоғына сәйкес есептелуі тиіс (максималды қуаттылығы 2000 Вт моделі үшін 10 А).
Электр тоғының тарап кетуін болдырмас үшін, электр розеткасы және аша үнемі
құрғақ болуы тиіс.
Электр ашасының розеткаға тығыз іске қосылып тұруын жүйелі түрде тексеріп
отырыңыз. Тексерісті келесі тәртіппен жүргізіңіз: электр ашасын розеткаға
қойыңыз. Жарты сағат жұмыс істегеннен кейін аспапты сөндіріңіз, ашаны
розеткадан шығарыңыз және қолмен ашаның қаншалықты қызғанын тексеріңіз.
Егер аша 50°С жоғары температураға дейін қызса, нашар электр контактісі
нәтижесінде зақымдалуды, оқыс оқиға, өрттің шығуын болдырмас үшін,
розетканы басқаға ауыстырыңыз. Оны маман жасауы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Электр розеткасы аспаптың номиналды тоғына сәйкес есептелуі тиіс.













