Мясорубки Polaris PMG 1820L - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

18
Шұжық дайындау үшін табиғи ішек қарынды қабықша ретінде пайдаланыңыз, оны жылы
суда алдын ала 10 минутқа салып, жібітіңіз. Жұмсартылған қабықшаны қондырмаға
(14)
кигізіп, оның ұшын түйіншектеңіз.
Дайын жентекті итеру үшін итергішті қолданыңыз, қабықша толысымен оны қондырмадан
әрі қарай сырғытыңыз, қабықша құрғап бара жатса, сумен жібітіп отырыңыз.
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін біздің кеңестерімізді басшылыққа алыңыз (Қосымшаны
қараңыз).
5. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құралды өшіріңіз. Қозғалтқыштың толығымен тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Құралды электр желісінен ажыратыңыз .
Ет тартқышты жинақтау бойынша нұсқауға сәйкес, кері тәртіпте, ашып бөлшектеңіз.
Өнімнің қалдықтарын жойыңыз. Өніммен жанасатын құрал бөліктерін сабынды, жылы
суда жуыңыз. Еттартқыштың корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
Ерттарқыштың бөліктерін тазарту барысында ыдыс жуғыш машинасы мен құрамында
сілті заттары көп құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Абразивті, құрамында хлоры бар заттарды, сондай-ақ органикалық ерітінділерді
пайдалануға болмайды.
Еттартқыштың барлық бөліктерін құрғақ матамен сүртіңіз.
Таза, құрғақ пышақ пен торды өсімдік майына батырылған сулықпен сүртіңіз
Назар аударыңыз!
Пышақты шешу және тазарту барысында сақ болыңыз, оның тілі өте өткір.
Құралды жинаңыз және сақтау үшін құрғақ жерге қойыңыз.
Құралды тек зауыттық орамасында тасымалдаңыз.
Құралды балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Еттартқыштың жұмыс сапасы, жылдамдығы мен төзімділігі пышақ пен торлардың
қайралуына байланысты. Сол себепті бұл құрылғылардың өткірлігін тұрақты түрде
тексеріп, уақытысында қайрау қажет, ол үшін, мысалы, арнайы шеберханаға немесе
қызмет көрсету орталығына хабарласу керек. Коррозия басқан, лас, жұмыс жиегі
бүлінген пышақтар мен торларды пайдаланбаңыз. Құралмен бірге жинаққа кірмейтін,
өндіруші рұқсат етпеген аксессуарларды қолданбаңыз.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құралды пайдалану
барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін құралды қолдану барысында
қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару
барысында қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз
.