Мультиварки Scarlett SC-MC410S07 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM013
39
SC-MC410S07
«СТАРТ» ТҮЙМЕШІГІ
•
Тамақ дайындауды бастау үшін «СТАРТ» (бастау) түймешігін басыңыз, сонда осы түймешіктің
индикаторы жанады.
•
Жұмысы аяқталғаннан кейін көп тағамдық қасқан автоматты түрде жылыту режиміне ауысады.
«МУЛЬТИПОВАР» (МУЛЬТИАСПАЗ) түймешігі
•
Бұл функция тағамды тек бағдарлама параметрлерінен басқа дайындау уақытын, сондай-ақ дайындау
температурасын бөлек орнатып пісіруге мүмкіндік береді.
•
«МУЛЬТИПОВАР» (мультиаспаз) түймешігін басыңыз, температура көрсеткіш шамы жанады.
•
«час +», «мин -» (сағ+, мин-) түймешіктерінің көмегімен керекті температураны 60 ºС-тан 165 ºС-қа дейінгі
аралықта орнатыңыз.
•
Дайындау уақытын орнату үшін «ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ/ВРЕМЯ ПРИГОТОВЛЕНИЯ» (бастауды кейінге
қалдыру/дайындау уақыты) түймешігі жарықтанады да, бейнебетте «дайындау уақыты» индикаторы
жанады.
•
«час +», «мин -» (сағ+, мин-) түймешіктерінің көмегімен қажетті тамақ пісіру уақытын рецептке сәйкес 2
сағаттан 24 сағатқа дейін орнатыңыз.
•
Баптауды аяқтағаннан кейін «СТАРТ» түймешігін басыңыз.
•
Берілген уақыт аяқталғаннан кейін көп тағамдық қасқан автоматты түрде сөнеді.
«ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ/ВРЕМЯ ПРИГОТОВЛЕНИЯ» (БАСТАУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ/ДАЙЫНДАУ
УАҚЫТЫ) ТҮЙМЕШІГІ
•
Көп тағамдық қасқан дайындауды кейінге қалдыру функциясымен жарақталған.
•
«МЕНЮ» (мәзір) түймешігінің көмегімен керекті дайындау бағдарламасын таңдаңыз.
•
Функцияны баптау үшін «ОТЛОЖЕННЫЙ СТАРТ/ВРЕМЯ ПРИГОТОВЛЕНИЯ» (бастауды кейінге
қалдыру/дайындау уақыты) түймешігі жарықтанады да, бейнебетте «бастауды кейінге қалдыру»
индикаторы жануға тиіс.
•
«час +», «мин -» (сағ+, мин-) түймешіктерінің көмегімен дайындауды кейінге қалдыру уақытын орнатыңыз.
Дисплейде бағдарлама қанша уақыттан кейін жұмысын аяқтайтын болса, сол уақыт бейнеленеді.
•
Жұмысты бастау үшін «СТАРТ» (бастау) түймешігін басыңыз.
«ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕПЛА/ ВЫКЛ» (ЖЫЛУДЫ ҰСТАУ/ӨШІРУ) ТҮЙМЕШІГІ
•
Қажет болған жағдайда, «ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕПЛА/ВЫКЛ» (жылытуды ұстау/ өшіру) түймешігін басу
арқылы тамақ дайындауды тоқтатуға болады.
•
Жылыту функциясы автоматты түрде жұмыс істейді де, дайындау аяқталғаннан кейін іске қосылады.
•
Бұл функцияны тағамды жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл үшін жылытылатын тағамды көп
тағамдық қасқанның шарасына салыңыз да, «ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕПЛА/ВЫКЛ» (жылытуды ұстау/ өшіру)
түймешігін басыңыз.
•
Жылытудың ең ұзақ уақыты 24 сағатты құрайды, бұл орайда көп тағамдық қасқанның ішіндегі
температура 73 ºС мәніне дейін жететін болады.
«ЗАМОК/ВЫБОР ПРОДУКТА» (ҚҰЛЫПТАУ/АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТАҢДАУ) ТҮЙМЕШІГІ
•
«Буға пісіру», «қатты қуыру», «қуыру» сияқты бағдарламаларды таңдағаннан кейін пісірілетін өнімнің түрін
таңдау керек: балық, ет немесе құс еті.
•
Өнімнің түрін таңдау үшін «ЗАМОК/ВЫБОР ПРОДУКТА» (құлыптау/азық-түлікті таңдау) түймешігін
басыңыз, бейнебетте таңдалған азық-түліктің атауы жарықтанады.
•
«ЗАМОК/ВЫБОР ПРОДУКТА» (құлыптау/азық-түлікті таңдау) түймешігінің көмегімен аспапты құлыптау
функциясын орнатуға болады. Бұл үшін түймешікті басыңыз да, 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Құлыптау
кезінде бейнебетте «замок» (құлып) индикаторы жанып тұрады.
Құлыпты ағыту үшін үшін түймешікті тағы бір рет басыңыз да, 3 секунд бойы ұстап
тұрыңыз.МУЛЬТИҚАЙНАТҚЫШ АСПАПТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
•
Пісіру, буға пісіру, бұқтыру, қамырдан пісіру сияқты көп функциялы бағдарламалар.
•
3D дайындау – жылудың жан-жақтан біркелкі үлестірілуін және сол арқылы тамақ дайындау үдерісін
тездетуді, сондай-ақ әрқашанда да үлпілдеп піскен қамырдың тамаша нәтижесіне жетуді қамтамасыз
етеді.
•
Барлық үдеріс автоматты түрде басқарылады.
•
Тамақ пісіруді бастау уақытын кейінге қалдыру.
•
40% қуат пен 60% уақыт үнемделетін, жоғары жылу шығаратын пайдалы әрекет коэффициенті.
•
Тағамның нәрлі заттектері мен дәмін сақтауға, сондай-ақ тағамды жұмсақ етуге арналған түгелдей бітеу
құрылма.
•
Көп тағамдық қасқанның түбі күймейтін қос қабатты жабыны бар, оңай тазаланатын шарасы.
•
Сенімді қорғағыш құрылғылар:
-
Қақпақты ашып-жабуға арналған қорғағыш құрылғы.
-
Температураның қорғаныстық шектегіші. Ол көп тағамдық қасқан бос шарамен немесе шарасыз жұмыс
істеген жағдайда, қызудың автоматты түрде тоқтатуына көмектеседі.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
•
Аспапты мезгіл-мезгіл тазалап, беткі қабатынан тағамның кез келген қалдығын кетіріп отыру керек.
•
Тазалар алдында көп тағамдық қасқанды өшіріп, электр желісінен ажыратыңыз.
•
Аспап әбден суығанша күтіңіз. Басқару панелін, ішкі және сыртқы беткі қабаттарын жуғыш зат қосылған
дымқыл шүберекпен сүртіңіз де, әбден құрғатып сүртіңіз. Кәстрөлді жуғыш зат қосылған жылы сумен
жуып, құрғатып сүртіңіз. Кәстрөлді тамақ пісіргеннен кейін дереу жуған дұрыс.
•
Жеміргіш заттарды немесе түрпілі материалдарды қолданбаңыз.












