Мультиварки Redmond RMC-M26 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

30
1. Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгер-
ту үшін «Отсрочка» батырмасын басыңыз. Дисплейде индикаторы пайда болады,
уақыт индикаторындағы уақыт шамасы жыпылықтауды бастайды.
2. Параметр шамасын көбейту үшін, «+» батырмасын басыңыз, азайту үшін — «–» баты-
рмасын басыңыз.
3. «Время» батырмасын басыңыз және минут шамасын «+» және «–» батырмаларының
көмегімен орнатыңыз.
Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапазонның максималды
шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан басталады. Шаманы жылдам
өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Стартты кейінге қалдыру функциясы, «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ» және «ЭКСПРЕСС» бағдар
-
ламаларын қоспағанда, барлық автоматты әзірлеу бағдарламалары үшін қол жетімді.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқалар, балғын сүт, ет, ірімшік және
т. б.) болса,
«Отсрочка»
функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдар температурасын сақтау (автожылыту)
Бұл функция әзірлеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірден автоматты түрде қосылып,
дайын тағам температурасын 12 сағат бойы 70-75°С шектерінде сақтай алады. Автожылыту
жұмыс жасаған кезде «Отмена/Разогрев» батырмасының жарықтық индикаторы жанады.
Қажет кезде «Отмена/Разогрев» батырмасын басып, автожылытуды сөндіруге болады.
Автожылытуды алдын ала сөндіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталған бойда автожылытуды қоспаған жөн. Осыны
ескерумен, мультипісіргіштерінде негізгі әзірлеу бағдарламасын іске қосу немесе жұмыс
жасау кезінде осы функцияны алдын ала сөндіру функциясы қарастырылған. Осы мақсат-
та старт уақыты кезінде немесе бағдарлама жұмысы барысында «Старт» батырмасын ба-
сыңыз. Автожылытуды қайта қосу үшін «Старт» батырмасын қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын пайдалану барысында автожылы
-
ту қызметі жұмыс жасамайды және «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын орнату барысын
-
да әзірлеу температурасы 80°С-тан төмен..
Тағамдарды жылыту
Мультипісіргішін салқын тағамдарды жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультипісіргіш корпусына орнатыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз, басқышын басыңыз.
3. «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады. Таймер
жылыту уақытын тікелей санай бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
болған жағдайда «Отмена/Разогрев» батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді 12 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан
астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып
келуі мүмкін.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» автоматты бағдарламаларын пайдалану кезінде «МАСТЕР
-
ШЕФ ЛАЙТ» функциясы қолжетімді емес.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту — 1°С қадаммен
35-160°С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты — 1 минут, әзірлеудің
максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы — 1 минут.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана пайдалана аласыз. «Баста-
уды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы кезінде және жұмыс режиміне шығуды күтуде
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді болмайды.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Темп.» батырмасын басыңыз. Дисплей-
де температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін — «–» ба-
тырмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз. Мак-
сималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан басталады.
3. 5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде
сақталады. Орнатылған температура бағдарлама жұмысы аяқталғанша немесе жаңа
өзгертуге дейін көрсетіліп тұрады.
Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау
үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Время» батырмасын басыңыз. Ди-
сплейде уақыт шамасының индикаторы жыпылықтайды.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арттыру үшін «+» батырмасын,
азайту үшін — «–» батырмасын басыңыз.
3. «Время» батырмасын қайта басыңыз және «+» және «–» батырмаларының көмегімен
минут шамасын орнатыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз
жүреді. Диапазонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнатудиапазон