Морозильные камеры Haier H3F-285WAA - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

5 -
Пайдалану
KZ
12
Ескерту: Дисплейді бұғаттау
Дисплей бұғаттауда болғанда температураны орнату немесе қатты мұздату сияқты
функциялар қолжетімсіз болады. Қандай болса да функцияны белсендіруге əрекет жасағанда
бұғаттау индикаторы дисплей бұғатталғанын еске салып, 3 рет жыпылықтайтын болады.
Ескерту: Қатты мұздату
Қатты мұздату режимінде температураны реттеу мүмкін емес. Егер сіз мұны орындауға
əрекет жасайтын болсаңыз, қатты мұздату индикаторы, тоңазытқыш қатты мұздату
режимінде екендігін көрсетіп, 3 рет жыпылықтайды.
5.5 Температураны орнату
Дисплей бұғаттаудан шешілгенде, температура түймелерін басып, қажетті температураны
орнатуға болады, процесс дыбыстық сигналдармен сүйемелденетін болады.
Мұздатқыш, жұмсақ мұздату (-7°С) (В) жəне тоңазытқыш режимінің (4°С) (А)
температуралары арасында қатты айрымашылықтар бар жəне сақтаудың əртүрлі
түрлеріне арналған. Режимді өзгертпес бұрын тоңазытқыштағы азық-түлік тым төмен
немесе тым жоғары температурадан бұзылмайтынына көз жеткізіңіз.
5.6 Мұздатқыш режимі (-16°С жəне -24°С аралығында) (C-F)
Дисплей бұғаттаудан шешілгенде температура түймесін басып, оны өзгертуге болады.
Түймелердің сол жағындағы индикаторлар жанады, басқалары сөнеді. Температураны
"-16°С", "-18°С", "-20°С" жəне " -24°С" мəндеріне орнатуға болады.
5.7 Жұмсақ мұздату режимі (-7°С) (В)
Дисплей бұғаттаудан шешілгенде (-7°С) (В) түймесін басыңыз, "-7°С" (Ь) индикаторы
жанады, мұздатқыш жұмсақ мұздату режимінде жұмыс істеуін бастайды. Аздаған уақыттан
кейін температура мəні -7°С шамасында орнатылады.
5.8 Тоңазытқыш режимі (4°С) (А)
Дисплей бұғаттаудан шешілгенде (4°С) (А) түймесін басыңыз жəне оны 3 секунд ішінде
басып тұрыңыз, "4°С" (а) индикаторы жанады, мұздатқыш тоңазытқыш режимінде іске
қосылады. Аздаған уақыттан кейін температура мəні 4°С шамасында орнатылады.
5.9 Қатты мұздату режимі (F)
Қатты мұздату режимі тамақты ұзақ уақыт сақтап қою үшін тиімді, оның көмегімен азық-
түлікті өте жылдам мұздатуға болады. Тоңызытқышқа көп мөлшерде азық-түлік салмас
бұрын температура төмендеп үлгеруі үшін жəне азық-түлік тез мұздап қалуы үшін қатты
мұздату функциясын іске қосыңыз.
Дисплей бұғаттаудан шешілгенде (-24°С) (F) түймесін басыңыз жəне 3 секунд ішінде басып
тұрыңыз, индикаторлар (b - f) жанады, мұздатқыш қатты мұздату режимінде жұмыс істеуін
бастайды. Қатты мұздату функциясын қолмен сөндіру үшін жоғарыда сипатталған іс-
əрекеттерді қайталаңыз. Егер фунция қолмен сөндірілмесе, ол 50 сағаттан кейін
автоматты түрде сөндіріледі. Егер сіз бір мезгілде көп мөлшерде азық-түлікті мұздатқыңыз
келсе, функцияны мұздату басталмастан 24 сағат бұрын қосып қоюды ұсынамыз. Егер
функция қолмен сөндірілмеген болса, ол 50 сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді.
Энергияның тұтынылуы осы функция іске қосылып тұрғанда жоғарлай береді.














Добрый день! Можно ли использовать морозильную камеру Haier модель H3F-285WAA в режиме side by side?