Миксеры Redmond RKM-4050 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

16
10. Қозғалтқыш білік
11. Блендерді басқару бөлігіне арналған
бітеуіш
12. Негізгі бөлікке арналған құлыптау түймесі
13. Жылдамдықты реттеуші
14. Электр сымы
15. Сорғышы бар негізі
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырма
-
ларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Құрылғының моторлы блогын ылғалды шүберекпен сүртіп жіберіңіз. Аспапты құрастырар
алдында барлық бөлшектері бөлме температурасында толығымен кебуі тиіс. Әзірлеудің
алдында еттартқыштың сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөліктерінде зақым, жарық және
басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз.
II. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспаппен жұмыстағы жалпы әрекеттер
Аспаптың құрамына кіретін тостағанды орнатпастан аспапты қосуға ТЫЙЫМ САЛЫ-
НАДЫ.
Егер блендер және/немесе ет тартқыш блогы пайдаланылмаса, аспапты іске қосар
алдында қорғаныш бітеуіштердің орнатылғанына көз жеткізіңіз. Аспапты – муфтасын
және/немесе қозғалтқыш білігін жаппастан қосуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Аспаптың екіден көп функциясын бір уақытта пайдаланбаңыз.
Аспаптың жүктемемен бірге үздіксіз жұмыс уақыты 15 минут аспауы тиіс. Қосылулар
арасындағы ұсынылатын үзіліс – 30 минут.
Сондай-ақ жиынтыққа кіретін рецепттер кітабының нұсқауларын орындаңыз.
Аспаппен импульстік тәртіптемеде жұмыс жасау үшін жылдамдық реттегішті «Р» қалпына
келтіріп, 1-2 секунд үзілістермен 3-5 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Қозғалтқыш ең
жоғары жылдамдықта жұмыс істейді. Бұл тәртіптеме азық-түлікті өңдеу үдерісін жақсырақ
бақылауға мүмкіндік береді.
Ет тартқышпен және көкөніс турағышпен жұмыс істеген кезде импульстік тәртіптемені
пайдалануға кеңес берілмейді.
Механикалық сынудан сақтану үшін жылдамдықты реттегішті шеткі жағдайдан әрі
бұрпаңыз!
Көпіршіткен кезде азық-түліктің көлемі ұлғаюы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Миксер
пайдаланған кезде олардың ыдыстарын жартысынан асырмай толтырыңыз. Өңдеуді ең
төмен жылдамдықта бастаңыз да, қажетінше жылдамдығын арттырып отырыңыз.
Миксерді пайдалану
Аспаптың жеткізілім жиынтығына – миксерге арналған үш саптама кіреді:
•
сыпырғыш-саптама кілегейді, жұмыртқаны көпіршітеді, үлпілдек кремдер, мусстар,
әр-түрлі десерттер әзірлеуге мүмкіндік береді;
•
көпіршітуге арналған саптама кремдер, әйнекейлер, сұйық салындылар және тұздықтар
әзірлеу үшін пайдаланылады;
•
қамыр араластыруға арналған саптама қою ашытқы қамырды илеуге мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Саптамаларын ауыстырмас бұрын аспапты міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
Миксермен жұмыс істеген кезде, жиынтығына кіретін тостағанды ғана пайдаланыңыз.
Басқа ыдыс пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тостағанды қақпақсыз пайдаланбауға кеңес беріледі.
Миксерді құрастыру және пайдалану тәртібін
A2
сұлбасында (4 бет) қараңыз.
Негізгі блокты көтеру/түсіру үшін, негізгі бөлікке арналған құлыптау түймесі тірелгенше
басыңыз.
Тостағанды орнату үшін, оның дөңестерін аспаптағы ойықтарға келтіріп, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Қажетті саптаманы таңдап, оны саптама бекіткіштің саңылауына тірелгенше салыңыз да
(саптама білігіндегі дөңестер бекіткіштің ойықтарына кіруі тиіс), сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз. Саптаманы шешу үшін, негізгі блокты ұстап тұрып оны астынан үстіне қарай басыңыз
да, сағат тілінің бағытымен жайлап бұраңыз.
Қызып кетуден сақтау жүйесі
Құрал қызып кету кезінде оны өшіретін қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Егер аспаптың
қозғалтқышы кенеттен тоқтаған болса, аспапты электр желісінен ажыратып, оны толығымен
суытып алыңыз. Қажет болған жағдайда аспапты азық-түлік қалдықтарынан тазартып,
аспапты қайтадан электр желісіне қосыңыз. Аспап жұмысқа дайын болады.
I I I. АС П А П Т Ы К ҮТ У
Бұйымды тазалауға кіріспес бұрын оның электр қоректендіру желісінен ажыратылып,
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспаптың әр-түрлі бөлшектерін тазалаудың ұсынылған
әдістері
A3
кестесінде (5 бет) келтірілген.
Аспапты пайдаланғаннан кейін артынша оның барлық саптамалары мен бөлшектерін та
-
залаңыз.
Содержание
- 2 СОД Е Р Ж А Н И Е
- 6 У В А Ж А Е М Ы Й П О К У П АТ Е Л Ь!; М Е Р Ы Б Е З О П АС Н О СТ И
- 7 Технические характеристики
- 8 Общие правила работы с прибором; I I I. У ХОД З А П Р И Б О Р О М; Хранение и транспортировка
- 9 I V. ДО П О Л Н И Т Е Л Ь Н Ы Е А К С Е ССУА Р Ы; V I. ГА РА Н Т И Й Н Ы Е О Б Я З АТ Е Л Ь СТ В А
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













