Миксеры Polaris PHM 7016 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

28
10. Тазарту және күтім
1.
Құралды тазартар алдында оны желіден ажыратыңыз да, қондырмаларды шешіп
алыңыз.
2.
Құралдың
сыртқы
корпусын,
сондай-ақ
құралдың
жиынтығына
кіретін
қондырмаларды тазарту үшін абразивті материалдар мен органикалық ерітінділерді
пайдаланбаңыз.
3.
Қолданылған қондырмаларды ыдыс-аяқ жууға арналған құралдарды пайдалану
арқылы жылы ағын судың астында жұмсақ губкамен немесе қылшақпен
жуыңыз.Қондырмаларды ыдыс жуғыш машинасында жууға рұқсат етіледі. Ыдыс
жуғыш машинаны қолдану жөніндегі нұсқаулар мен пайдаланылатын тазарту
құралдарының сипаттамаларын басшылыққа алыңыз.
4.
Құралдың сыртқы корпусын және ұстағышты жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құралды суға САЛМАҢЫЗ және ыдыс жуғыш машинасында ЖУМАҢЫЗ.
5.
Құралдың барлық бөлігін құрғақ сулықпен сүртіңіз немесе ашық ауада мұқият түрде
құрғатыңыз.
6.
Құралды жинаңыз және құрғақ жерге қойып, сақтаңыз.
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы
ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс
әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда
сақталуы тиіс.
Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне
сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау
барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
Кәдеге жарату бойынша талаптар
Құралдың құрамына кіретін көптеген материалдары қоршаған орта үшін зиянсыз
материалдардан жасалғандықтан, екінші қайтара пайдалану немесе өңдеуге жарамды. Бұл
құралдың қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға өткізіңіз.
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және
салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру
мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға
2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
Тауарды өткізу
Тауарды өткізу ережелері белгіленген емес
Ескертпе:
Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық
пен бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші,
тұтынушының бұған назар аударатынына үлкен үміт артады.