Массажеры Centek CT-2601 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

5
- Аспапты сезімтал аймақтарға: омыртқаның мойын және арқа бөлігіне, бет пен бас бөлік
-
теріне қолдануға болмайды.
1. Массаж құралын USB-кабель арқылы адаптерге қосыңыз. Кернеуі 5 В және ток көзі 2 А
көп емес адаптерді пайдаланыңыз (қуат көзі адаптері жиынтықта болмайды).
2. Массаж құралын 1 сағат бойы пайдалану үшін аккумуляторын 2 сағат бойы қуаттау керек.
Қарқынды режимде (әрі қарай қараңыз) энергия тұтыну көлемінің артуына байланысты
жұмыс уақыты қысқарады.
3. Массаж құралын іске қосу үшін қосу батырмасын 3 секунд бойына басып тұрыңыз.
4. Аспаптың 6 жұмыс режимі бар, қосу батырмасының үстінде индикаторлар орналасқан,
олар таңдалған режимді көрсетеді. Жылдамдықты арттыру үшін қосу батырмасын басыңыз.
5. Аспапты өшіру үшін қосу батырмасын 3 секунд бойы басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
- Алғашқы қолданыс кезінде аспапты 3 сағат қуаттандыру керек.
- Қуаттау кезінде индикаторлар жанып-сөніп тұрады. Массаж құралының аккумуляторы
толықтай қуат алғаннан кейін индикаторлар сөнбестен жанып тұрады.
- Егер массаж құралын денеге тақаса, қарқынды режим іске қосылады. Ол кезде электрлі
қозғалтқыштың айналымы артады. Бұлшықеттер мен сүйектерді зақымдап алмас үшін
қарқынды режимдегі жұмыс уақыты 15 минутпен шектелген, сол уақыттан соң массаж
құралы өздігінен өшіп қалады.
КЕҢЕСТЕР:
- Дененің бір бөлігін 3 минуттан артық уқаламаңыз.
- Аспапты 30 минуттан артық пайдаланбаңыз.
- Массаждар арасындағы уақыт 15 минуттан кем емес.
- Массажды «жоғарыдан төмен» сызбасы бойынша жасаған дұрыс (мойыннан арқаға дейін).
- Сезімталдығы жоғары адамдар денесінің уқаланатын тұсына орамал жапса болады.
- Массаж сеансын тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан соң жасаған жөн.
- Негізгі қолдану салалары: мойын-жаға аумағы, мойын, иық, арқа, балтыр, табан.
5.
АСПАПТЫ КҮТІП ҰСТАУ
1. Қосу батырмасын ұзақ басу арқылы аспапты өшіріңіз.
2. Аспаптың корпусын жұмсақ құрғақ шүберекпен тазартқыш құралдардың көмегінсіз
сүртіңіз. Зиянды емес тазартқыш құралдарды қолдана отырып, сулы жұмсақ шүберекпен
сүртуге болады. Одан кейін аспапты құрғағанша сүрту қажет.
3. Массаж құралының қондырмаларын алып тастаңыз, зиянды емес тазартқыш құралдарды
пайдаланып, оларды суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Қондырмаларды кепкенше
сүртіңіз.
1.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
-
Сіз сатып алған аспап Ресей Федерациясында электр аспаптарға қолданылатын барлық
ресми қауіпсіздік стандартына сай келеді.
-
Өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдай туындауын, сондай-ақ аспаптың мерзімінен бұрын
істен шығуын болдырмау үшін төменде келтірілген шарттарды қатаң сақтау қажет:
-
Аспапты қосар алдында өнімде көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің
көрсеткіштеріне сәйкес келетіндігін тексеріңіз. Істен шыққан аспапты пайдалануға тыйым
салынады. Егер аспап бұзылған немесе ақаулы болса, оны өз бетіңізше жөндеуге ты
-
рыспаңыз. Өндірушінің арнайы тіркелген сервистік орталығына жолығыңыз.
-
Қуаттандырғыш сым зақымданған кезде қауіп орын алмас үшін оны өндіруші, сервистік
қызмет немесе білікті маман ауыстыруы қажет.
-
Өндіруші кеңес бермеген қандай да болмасын қосалқы құралдарды пайдалануға тыйым
салынады.
-
Аспап бұзылып қалмас үшін оны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға тыйым салынады.
-
Аспапты мұқият қолданыңыз, оның құлауына немесе өзге де механикалық қатты әсер
алуына жол бермеңіз.
-
Аспап қолданылмай тұрған болса, оның өшірулі болуын қадағалаңыз. Аспапты балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
-
Жүргізуші көлікті жүргізіп келе жатқанда аспапты пайдалануына тыйым салынады.
-
Ауырып тұрған немесе ұйқы қанбаған кездерде аспапты қолдануға тыйым салынады.
-
Массаж кезінде жағымсыз әсер немесе жайсыздық сезінсеңіз, сеансты тоқтатып, дәрігерге
жолығыңыз.
-
Аспапты тек тікелей арналуымен, пайдалану бойынша нұсқаулықты назарға ала отырып
қолданыңыз.
-
Аспапты қандай да болмасын заттар тозаңдандырылатын және ылғалдылығы жоғары
орынжайларда пайдалануға тыйым салынады.
-
Аспап қолданылып жатқан кезде бетін жабуға болмайды, өйткені бұл оның қызып кетуі
салдарынан өрт туғызуы мүмкін. Аспапты тікелей күн көзі ұзақ түсуден, жоғары температура
немесе ылғалдан қорғаңыз.
-
Аспап физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеті төмен, өмірлік тәжірибесі неме
-
се білімі жоқ жандардың (соның ішінде балалардың) бақылаудан тыс немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның қатысуынсыз қолдануларына арналмаған. Балалардың
аспаппен ойнауына болмайды.
-
Тасу (тасымалдау), пайдалану бойынша айрықша шарттары: жоқ.
2.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ
Ң
1. Массаж құралы
2. Ауыспалы қондырма
3. Іске қосу және жұмыс режимін таңдау батырмасы
4. Режимдер индикаторы
3.
ЖИЫНТЫҒЫ
1. Массаж құралы – 1 дана
2. USB кабелі (Type-C) – 1 дана
3. Қондырма – 4 дана (шар, аша, конус, бүрлері бар қондырма)
4. Пайдалану бойынша нұсқаулық – дана
4.
ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
НАЗАР!
- Жүрегі ауыратын және жүрегіне кардиостимулятор орнатқан адамдардың пайдалануына
жол берілмейді.
- Обыр ауруына шалдыққан адамдардың пайдалануына болмайды.
5. Қуаттандырғыш ұяшығы
6. «Конус» қондырмасы
7. «Шар» қондырмасы
8. «Аша» қондырмасы
9. Бүрі бар қондырма
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)












