Машинки для стрижки Scarlett SC-HC63C70 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM021
SC-HC63
С70
11
НАЗАР: АЛМАСТАРЫ ҰДАЙЫ МАЙЛАҢЫЗ.
Аспапты тек онымен бірге жеткізілетін қорек блогымен бірге ғана пайдалану керек.
Аспап тек онда таңбаланған аса төмен қауіпсіз кернеуден қорек алуы керек.
Тері бөріткенде мәшіңкені пайдаланбаңыз.
Жәндіктерді мәшіңкемен қырықпаңыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан
«XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Аспап шаш қырқуға, сақал-мұртты жатқызуға, құлақ пен мұрындағы шашты кетіруге арналған.
Алғаш рет пайдаланар алдында машинканың қырқатын жүздерін жақсылап майлау қажет.
Алғаш рет пайдаланар алдында аккумулятордың қуатын толық тауысып, қайтадан зарядтау қажет.
Зарядтау уақыты 8-10 сағатты құрайды.
Аккумулятордың толық заряды 45 минут жұмыс істеуге жетеді.
Батареяның қызмет мерзімі шамамен 1 жылды құрайды және машинканы пайдалану
қарқындылығына байланысты болады. Тіпті машинка пайдаланылмаса да, батареяны кем дегенде 6
айда 1 рет қайта зарядтап отырыңыз.
Аккумуляторды зарядтау үшін машинканың астыңғы бөлігін бұрап алыңыз да, адаптер арқылы электр
желісіне жалғаңыз. Бұл орайда жарық индикаторы жанады.
Аккумуляторды зарядтағаннан кейін машинканы желіден ажыратыңыз. Машинка жұмысқа дайын.
ЕСКЕРТПЕ: Машинка адаптер арқылы электр желісіне жалғаулы тұрғанда, онымен жұмыс істеуге
болады.
ЖҰМЫСЫ
Алмалы тарақтардың бірін алыңыз, бағыттауыштарын тиісті ойықтарға қондырыңыз да, сырт еткенше
еппен итеріңіз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Машинканы іске қосу үшін қосқышты сырғытыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін қосқышты кері қарай сырғыту арқылы машинканы өшіріңіз.
Машинкамен сондай-ақ тарақсыз да жұмыс істеуге болады.
ҚОНДЫРМАЛАР
Жинаққа екі қондырма кіреді: құлақ пен мұрындағы шашты алып тастауға арналған қондырма, сақал-
мұртты күтіп ұстауға арналған триммер қондырма.
Мұрын мен құлақтағы шашты қырыққан кезде қондырманы мұрынның немесе құлақ жарғағының
ішінде біркелкі қимылмен, күрт қозғамастан жүргізіп, керексіз шашты біртіндеп қиып отырыңыз.
Триммер сақал-мұртты түзеу үшін аса қолайлы. Жүздерінің пішінінің арқасында триммердің
көмегімен шашқа айрық сызықтарды түсіру оңай.
Машинкадан қондырманы ағытып алу үшін аспаптың бүйір жақтарындағы қондырмаларды ағыту
түймелерін басыңыз.
Қондырманы орнату үшін оны сырт еткенше кигізіңіз.
ШАШТЫ СИРЕТУ ФУНКЦИЯСЫ
Жүздері шашты сирету функциясын қамтамасыз етеді және шаш қырқу сапасын жақсартады.
Шашты сирете қырқу шаштың ұзындығы әр түрлі тұлымдарының бір біріне біртіндеп ауысуын
қамтамасыз етеді. Бұл орайда жүздері шашты қысқартпастан оның көлемін азайтады.
ЖҮЗДЕРІН ОРНАТУ
Аспаптың жүздерін ағытып алу үшін басыңыз да, жүздерін алға қарай тартыңыз.
Жүздерді қайтадан орнату үшін оларды орнына салыңыз да, сырт етіп түскенше қысыңыз.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс.
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз.
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз.
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз.
Шашты қырқу кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз.
Машинканың көмегімен шаш қырқу тәсілдері 1-суретте көрсетілген.
Машинканы душ қабылдаған кезде қолдануға болады.
АККУМУЛЯТОР ТАСТАУ
Аккумулятор қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған түймені
жылжытыңыз.
ТАЗАЛАУ
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін арнайы
маймен үнемі майлап отырған дұрыс.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













