Машинки для стрижки Polaris PHC-0401RB - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

29
Назар аударыңыз! Қондырмаға шаш жиналған кезде одан қиылған
шаштарды сілкіп тастаңыз.
Назар аударыңыз! Түк біркелкі қиылуы үшін машинаны қатты баспаңыз.
Назар аударыңыз! Машинаға артық басып күш салу қырғыш бастың Off
күйіне ауысуына және машинаның өшуіне әкелуі мүмкін.
Мойын мен бет бөлігінен шашты алу үшін машинадан қондырманы
шешіңіз де, сақалдың белгіленген шекарасына дейін төменнен жоғары
қарай машинамен жүргізіңіз.
Біркелкі контур жасау үшін машинаны кескіш жүздерімен төмен
ұстаңыз да, белгіленген сызық бойынша қиыңыз.
Мойындағы, беттегі, иектегі қалып қойған қажет емес қысқа шаштарды
тазалап ұстара көмегімен алынады.
VII. Тазалау және күтім
Аккумуляторды қуаттандыру уақытында құралға тазалау мен қызмет
көрсетуді жүргізбеңіз, қуат көзі шнуры өшірулі болуы тиіс.
Әрбір пайдаланудан кейін жинаққа кіретін щеткамен Жүзі мен
қондырмаларын шаш қалдықтарынан тазалаңыз.
Құралдың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оның жүздері
қажеттілігі бойынша үнемі майлануы тиіс (майдың болмауы жүрістің
бір қалыптылығын төмендетеді, жүздерінің қызуына және жылдам
тозуына әсер етеді), артық майлау шашты былғайды және қиылған
шаштардың жүздер мен қондырмаларға жабысуына әсер етеді.
Аккумуляторлық батареяны 6 айда кеміне 1 рет қайта қуаттандырыңыз,
тіпті егер сіз қиюға арналған машинаны пайдаланбасаңыз да.
Абразивті тазалағыш құралдарды пайдаланбаңыз, құралды таза құрғақ
матамен сүртіңіз.
Ешбір жағдайда аспапты толықтай суға батырмаңыз.
Құралды салқын құрғақ жерде сақтаңыз.
Құралды тасымалдау үшін жұмсақ қапты немесе түпнұсқа зауыттық
қаптаманы пайдалануды ұсынамыз.
VIII. Сақтау
Электр аспаптары қоршаған ауаның температурасы плюс 40ºС-ден
аспайтын, салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспайтын және қоршаған
ортада электр аспаптар материалдарына теріс әсер ететін шаң, қышқылды
және басқа да булар болмайтын жабық құрғақ және таза үй-жайда
сақталады.
IX. Тасымалдау
Электр аспаптарды нақты түрдегі көлікте қолданылатын жүктерді
тасымалдау ережелеріне сәйкес көліктің барлық түрлерімен тасымалдайды.
Аспапты тасымалдағанда зауыттық түпнұсқа ораманы пайдаланыңыз.
Аспаптардың тасымалдануы оларға атмосфералық жауын-шашын мен
жегі орталардың тікелей әсер ету мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)