Centek CT-2103 - Инструкция по эксплуатации - Страница 14

Машинки для стрижки Centek CT-2103 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 16
Загружаем инструкцию
background image

13

ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫ! 

CENTEK СМ техникасын таңдағаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз және оны пайда­

лану ережелерін сақтаған жағдайда, сіз сатып алған аспаптың жұмыс істеу сапасы 

жоғары болатындығына кепілдік береміз. 

Барлық  аспаптардың  кепілдік  мерімі  ­  сатып  алған  күннен  бастап  12  ай. 

Шығарушы  осы  кепілдік  талонымен  берілген  аспаптың  ақаусыздығын  растайды 

және  шығарушының  кінәсінен  болған  барлық  ақаулықтарды  тегін  жоюға  байла­

нысты міндеттемелерді өзіне алады.    

Кепілдіктік  жөндеуді  «Ларина­Сервис»  ЖШҚ­ының  Краснодар  қ.  Демус  к­сі,  14 

мекенжайында орналасқан авторландырылған сервистік орталығында жүргізуге 

болады. Тел.: 8 (861) 991­05­42.

КЕПІЛДІКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

1. Кепілдік келесідей шарттарды орындаған жағдайда қолданылады:  

•  үлгі  атауы,  оның  сериялық  нөмірі, сатылған  күні  көрсетіліп,  болған  жағдайда 

сатушы  фирманың  мөрі  және  кепілдік  талонындағы  сатушы  фирманың 

өкілдерінің  қолдары,  әрбір  жыртылмалы  талонда  мөрлер,  сатып  алушының 

қолы қойылып, шығарушының түпнұсқалық кепілдік талоны дұрыс және анық 

толтырылса.       

Жоғарыда  көрсетілген  құжаттар  болмаған  немесе  ондағы  ақпараттар  толық 

емес,  түсініксіз,  шындыққа  қайшы  келетін  жағдайда,  шығарушы  кепілдіктік 

қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. 

2. Кепілдік келесідей пайдалану шарттарын сақтаған кезде қолданылады:  

• аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес қолдану;

• қауіпсіздік қағидалары мен талаптарын сақтау.

3. Кепілдікке аспапқа иесінің үйінде мерзімді қызмет көрсету, оны тазалау, орна­

ту, іске қосылуын реттеу кірмейді. 

4. Кепілдіктің қолданылмайтын жағдайлары:  

• механикалық бұзылулар; 

• аспаптың табиғи тозуы; 

• пайдлану шарттарын сақтамау немесе иесінің қате әрекеттері; 

• дұрыс орнатпау, тасымалдамау; 

•  апаттық  жағдайлар  (найзағай,  өрт,  су  тасқыны  және  т.с.),  сондай­ақ  сатушы 

мен шығарушының бақылауынан тыс болатын себептер; 

• аспаптың ішіне бөгде заттардың, сұйықтықтың, жәндіктердің кіруі; 

•  өкілетті  емес  тұлғалардың  жөндеу  жасауы  немесе  құрылысына  өзгерістер 

енгізуі;

•  аспапты  кәсіби  мақсаттарда  пайдалану  (жүктеме  тұрмыстық  қолданудың 

деңгейінен  асады),  аспапты  Мемлекеттік  техникалық  стандарттарға  сәйкес 

келмейтін қуат беруші телекоммуникациялық және кабельдік желілерге қосу;

• бұйымның төменде көрсетілген құрал­жабдықтарының істен шығуы (егер ауы­

стырылуы құрылысымен қарастырылған және бұйымды бөлшектеуге қатысы 

болмаса):

а) қашықтан басқару пульті, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері 

(батареялар), сыртқы қуат беру блоктары және зарядтау құрылғылары.

б)  шығыс  материалдары  мен  керек­жарақтар  (қаптама,  қаптар,  белбеу­

лер,  сөмкелер,  торқапшықтар,  пышақтар,  колбалар,  тәрелкелер,  торлар, 

шанышқылар, құбыршектер, түтіктер, щеткалар, қондырмалар, шаңжинағыштар, 

сүзгілер, иіс сіңіргіштер).

• батареялармен жұмыс істейтін аспаптар үшін – сәйкес келмейтін немесе біткен 

батареялармен жұмыс; 

• аккумуляторлық батареялармен жұмыс істейтін аспаптар үшін – аккумулятор­

ларды зарядтау қағидаларын бұзумен орын алған кез келген бұзылулар.   

5.  Шығарушы  осы  кепілдікті  қолданыстағы  заңнамамен  белгіленген 

тұтынушының  құқықтарына  қосымша  береді  және  ешқандай  жағдайда  ол 

құқықтарды шектемейді. 

6.  Егер  бұйымды  пайдалану,  орнату  қағидалары  мен  шарттарын  сақтамаудың 

нәтижесінде,  тұтынушылардың  және/немесе  өзге  де  үшінші  тұлғалардың 

қасақана  және/немесе  абайсыз  әрекетінен  (әрекетсіздігінен),  бой  бермейтін 

күштің салдарынан CENTEK СМ өнімі адамдарға, үй жануарларына, тұтынушының 

және/немесе өзге үшінші тұлғаның мүлкіне тікелей немесе жанама зиян келтірсе, 

келтірілген ықтимал зиян үшін шығарушы жауапкершілікті болмайды. 

7.  Сервистік  орталыққа  жүгінген  кезде,  бұйым  тек  таза  күйінде  қабылданады 

(аспапта тамақтың қалдықтары, шаң немесе басқа ластанулар болмау керек). 

Шығарушы алдын ала хабарлама жасамай, аспаптың дизайнына және 

сипаттамасына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Тұтынушы бұйымды осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және қолданылатын 

техникалық  стандарттарға  дәлме­дәл  сәйкестікте  пайдаланған  жағдайда, 

аталған аспаптың қолданылу мерзімі сатылған күннен бастап 5 жылды құрайды. 

Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, аспапты одан әрі пайдалануға байланы­

сты ұсыныстар алу үшін жақын жердегі авторландырылған сервистік орталыққа 

жүгініңіз. 

Бұйымның шығарылған күні сериялық нөмірде көрсетілген (2 және 3 белгілер – 

шығарылған жылы, 4 және 5 белгілер – айы). 

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Centek CT-2103?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"