Кухонные комбайны Philips Daily Collection HR7629/90 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

1
Пышақтарды блендер құмырасына бұрап бекітіңіз.
2
Блендер құмырасын мотор бөліміне орнатып, оны сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
»
Құмыра дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
3
Азықтарды блендер құмырасына жоғарғы деңгейден асырмай салыңыз.
4
Блендер құмырасының қақпағын жауып, оны сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
5
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
6
1-кестеде ингредиенттер үшін қажетті дайындау уақытын, ең көп мөлшерді және
жылдамдық параметрін тексеріңіз. Тұтқаны қажетті жылдамдық параметріне
бұраңыз. Мұзды ұсақтау үшін тұтқаны
P
позициясына бұраңыз. Тоқтату үшін
түймені қайтадан басыңыз.
7
Қолданыстан кейін тұтқаны
0
позициясына бұрап, құралды тоқтан суырыңыз.
Кеңес
•
Блендер құмырасының қабырғаларына жабысып қалған азықтарды кетірудің жолы 1. Құралды өшіріп,
розеткадан ажыратыңыз. 2. Қақпағын ашып, күрекшенің көмегімен азықты құмыра қабырғасынан тазалаңыз.
3. Күрекшені пышақтан кемінде 2 см аулақ ұстаңыз.
Шағын турағыш қосалқы құрал (қосымша)
Шағын турағышқа (қызметтік код нөмірі: 9965 100 57198/9965 100 52997) Philips
дилері немесе Philips қызмет көрсету орталығы арқылы қосымша қосалқы құрал ретінде
тапсырыс беруге болады.
Шағын турағышты кофе дәндерін, бұрыш дәндерін, жаңғақтарды, шөптерді және т.б.
турау үшін қолдануға болады. 2жылдамдықты пайдаланып, 30 сек өңдеңіз. Шағын
турағышта көрсетілген ең жоғарғы деңгейден асырмаңыз.
Сиыр етін өңдегенде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, мұздатылған сиыр етінің
текшелерін пайдаланыңыз. Ең көбі 100 г сиыр еті текшелерін P жылдамдығында 5 сек
тураңыз.
Жылдам тазалау
Ас комбайны тостағанын және блендер құмырасын оңай тазалау үшін, төмендегі
қадамдарды орындауға болады.
Ескертпе
•
Ас комбайны тостағанын тазалаған жағдайда, пышақтың тостағанға тағылғанын тексеріңіз.
1
Тағам процессорының ыдысына немесе блендер құмырасына жылы су (0,5
литрден аспауы керек) және жуу сұйықтығының бірнеше тамшысын құйыңыз.
2
Ас комбайны тостағанының немесе блендер құмырасының қақпағын жауып, оны
сағат тілімен бұрып бекітіңіз.
3
Тұтқаны
P
позициясына бұраңыз. Ас комбайнының тостағаны немесе блендер
құмырасы таза болғанша құралды 30 секундтай істетіңіз.
4
Қолданыстан кейін тұтқаны
0
позициясына бұрап, құралды тоқтан суырыңыз.
5
Блендер құмырасын немесе ас комбайны тостағанын шешіп, таза сумен шайыңыз.
Тазалау және сақтау
Абайлаңыз
•
Құралды тазаламас бұрын оны розеткадан ажыратыңыз.
Ескерту
•
Пышақтар мен дискілер жүздерінің қатты заттарға тимеуін қадағалаңыз. Бұл пышақты мұқалтуы
мүмкін.
•
Жүздері өте өткір. Тағам процессорының пышақ бөлігін, блендердің пышақ бөлігін және
дискілерді тазалағанда абайлаңыз.
1
Моторды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2
Басқа бөлшектерді ыстық суға (< 60 ºC) біраз жуу сұйықтығын қосып немесе
ыдыс жуғышта жуыңыз.
3
Өнімді құрғақ жерде сақтаңыз.
4 Кепілдік және қызмет көрсету
Проблема болса, қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса , www.philips.com/
support торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүние жүзілік кепілдік кітапшасынан
табуға болады. Егер еліңізде тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы болмаса, онда
жергілікті Philips компаниясының дилеріне барыңыз.
Дискілер және қосымшалар
Бастамастан бұрын, қажетті дискіні келесіден таңдап, оны келесі суреттерге сай
жинағаныңызды тексеріңіз: 4 және 5.
•
Эмульсиялық диск
•
Майдалау үшін қосымша (тек HR7627 және HR7628 үлгілерінде)
•
Түйіршіктеу үшін қосымша (тек HR7627 және HR7628 үлгілерінде)
•
Екі жақты турау / ұсақтау дискісі (ірі) (тек HR7629 үлгісінде)
Ескерту
•
Дискінің кесу пышағын ұстағанда абайлаңыз. Онда өте өткір кесу жүзі бар.
•
Дискіні ешқашан мұз текшелері сияқты қатты азықтарды өңдеу үшін пайдаланбаңыз.
•
Азық салынатын түтіктің ішіне азықтарды тығындағышпен күш салып тығындамаңыз.
Ескертпе
•
Ірі кесектерді азық салатын түтікке сыятын кесектерге алдын ала бөліп алыңыз.
1
Ыдысты мотор бөлігіне бекіту үшін сағат тілінің бағытымен бұраңыз, одан кейін
ыдысқа құрал ұстағышты салыңыз.
»
Тостаған дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Дискіні тұтқаға орнатыңыз. Қосымшалар үшін (тек HR7627 және HR7628
үлгілерінде) қосымшаны төменде көрсетілгендей қосымша ұстағышқа қойып,
қосымшасы бар қосымша ұстағышты тұтқаға орнатыңыз.
Қосымша саңылауын қосымша ұстағышының өзегіне кигізіңіз.
Қосымша саңылауын өзектегі дөңестен итеріп өткізіңіз.
Ұстағышына «сырт» етіп орнына түскенше қосымшаны басыңыз.
3
Тостағанның қақпағын жабыңыз да, қақпақты сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
»
Қақпақ дұрыс жабылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі, ал қақпақ тостаған
тұтқасына бекітіледі.
4
Ингредиенттерді беру түтігіне итергішпен салыңыз. Жақсылап туралуы немесе
үгітілуі үшін, азық салатын түтікті бірқалыпты етіп толтырыңыз. Азықты көп
мөлшерде өңдеу керек болса, онда кішкене партиялармен өңдеңіз және
тостағанды партиялар арасында босатып отырыңыз.
5
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
6
1-кестеде ингредиенттер үшін қажетті дайындау уақытын, ең көп мөлшерді
және жылдамдық параметрін тексеріңіз. Қосалқы құралдың түсіне сәйкес келетін
жылдамдықты таңдаңыз.
7
Пайдаланған соң, жылдамдық таңдағышты
0
күйіне қойып, құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
цитрус сыққыш (тек HR7629 үлгісінде)
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 6.
Цитрус сыққышты цитрус жемістерін сығу үшін пайдалануға болады.
1
Тостағанды сағат тілімен бұрып мотор бөліміне бекітіңіз де, тостағанға құрал
ұстағышын салыңыз.
»
Ыдыс дұрыс бекітілгенде сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Цитрус сыққыш торын ыдыстағы құрал ұстағышқа қойыңыз. Тордағы қорғаныстың
ыдыс тұтқасындағы ұяға бекітілгенін тексеріңіз.
»
Тор дұрыс бекітілгенде сырт еткен дыбыс естіледі.
3
Конусты торға қойыңыз.
4
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
5
1-кестеден ингредиенттерге арналған ең көп мөлшерді тексеріңіз. Тұтқаны
1
-жылдамдыққа бұраңыз.
»
Конус айнала бастайды.
6
Цитрус жемісін конусқа итере бастаңыз.
7
Тордан дәнектерді алып тастау үшін, сығуды анда санда тоқтатып отырыңыз.
Сығып болғанда немесе дәнектерді алып тастағыңыз келсе, тұтқаны
0
позициясына бұрап, тор мен конус орнатылған ыдысты құралдан алыңыз.
Блендер (тек HR7628 және HR7629 үлгілерінде)
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 7.
Блендер функциялары:
•
Сүт өнімдері, тұздықтар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер
сияқты сұйықтықтарды шайқау.
•
Құймаққа арналған сұйық қамырды дайындау.
•
балалар тағамы сияқты піскен азықтардан пюре жасау.
•
Мұзды ұсақтау.
Ескертпе
•
Блендер құмырасының тұтқасына күш салмаңыз.
•
Блендер қосылып тұрғанда, құмыраға қолыңызды немесе басқа затты салмаңыз.
•
Пышақтарды блендер құмырасына тақпас бұрын оған сақина тығыздағышты салыңыз.
•
Өңдеу барысында сұйық азықтарды қосу үшін, оларды блендер құмырасына азық салынатын
тесік арқылы құйыңыз.
•
Өңдемес бұрын, қатты азықты кішкентай етіп бөлшектеп алыңыз.
•
Көп мөлшерде дайындау керек болса, бірден көп азық салмай, кішкентай партияларға бөліңіз.
•
Тасымауы үшін: ыстық немесе көбіктенетін (мысалы, сүт) сұйықтықтарды өңдегенде, блендер
құмырасына 1 литрден артық сұйықтық құймаңыз.
•
Нәтиже қанағаттандырмаса, құралды өшіріп, азықтарды күрекшемен араластырыңыз. Азырақ
көлемін өңдеу немесе сұйықтық қосу үшін, кішкене бөлігін алып тастаңыз.
Құралдың ішіне қауіпсіздік құлпы орнатылған. Құралды мотор бөліміндегі келесі
бөлшектерді дұрыс жинағанда ғана қосуға болады:
• ас комбайнының тостағаны және оның қақпағы; немесе
• блендердің құмырасы және оның қақпағы (тек HR7628, HR7629 үлгілерінде)
немесе
• цитрус сыққыш (тек HR7629 үлгісінде)
Бұл бөлшектер дұрыс жиналған болса, ішке орнатылған қауіпсіздік құлпы ашылады.
Тағам процессорымен пайдалануға арналған рецептілерді алу үшін www.philips.com/
kitchen торабына өтіңіз
3 Ас комбайны
Абайлаңыз
•
Құрал жұмыс істеп тұрғанда, тамақ салатын түтікке ингредиенттерді салу үшін саусақтарыңызды
немесе басқа затты ешқашан пайдаланбаңыз. Тек тығындағышты пайдаланыңыз.
Пышақтар
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 2.
Пышақтардың көмегімен азықтарды турауға, араластыруға, шайқауға немесе олардан
езбе жасауға болады. Сондай-ақ, оны торт қамырын араластыру және шайқау үшін
пайдалануға болады.
Ескерту
•
Пышақтармен кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз бөліктері сияқты қатты азықтарды
ұсақтамаңыз, себебі бұл пышақтың өткірлігіне әсер етеді.
Ескертпе
•
(Қатты) ірімшік немесе шоколад тураған кезде, құралды ұзақ істетпеңіз. Әйтпесе, бұл азық
түрлері қызып, ериді де, кесектеніп кетеді.
•
Азықтың үлкен кесектерін алдын ала 3 x 3 x 3 см етіп бөліп алыңыз.
1
Тостағанды сағат тілімен бұрып мотор бөліміне бекітіңіз де, тостағанға құрал
ұстағышын салыңыз.
»
Тостаған дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Пышақтарды құрал ұстағышқа орнатыңыз.
3
Азықты тостағанға салыңыз.
4
Тостағанның қақпағын жабыңыз да, қақпақты сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
»
Қақпақ дұрыс жабылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі, ал қақпақ тостаған
тұтқасына бекітіледі.
5
Тығындағышты тамақ салатын түтікке кіргізіңіз.
6
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
7
1-кестеде ингредиенттер үшін қажетті дайындау уақытын, ең көп мөлшерді және
жылдамдық параметрін тексеріңіз. Тұтқаны қажетті жылдамдық параметріне бұраңыз.
8
Қолданыстан кейін тұтқаны
0
позициясына бұрап, құралды тоқтан суырыңыз.
Кеңес
•
Пиязды тым ұсақ етіп турамау үшін, тұтқаны
P
позициясына бірнеше рет бұраңыз.
•
Пышаққа немесе тостаған ішіне тұрып қалған тамақты қалай алуға болады? 1. Құралды өшіріп,
розеткадан ажыратыңыз. 2. Тостағанның қақпағын ашыңыз. 3. Пышақтағы немесе тостағанның
ішіндегі азықты күрекшенің көмегімен тазалаңыз.
Илеу құралы
Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 3.
Нан немесе пиццаларға арналған ашытылған қамырды илеу үшін илеу құралын
қолдануға болады. Қамырды ылғалдылық және температура жағдайына сай жасау үшін,
сұйықтық мөлшерін реттеуіңіз керек.
Ескертпе
•
Торт қамырын шайқау үшін илеу құралын пайдалануға болмайды. Бұл жұмысқа пышақ бөлігін
пайдаланыңыз.
•
Ингредиенттерді салар алдында әрдайым шайқауға арналған қосымша бөлшектерін ыдыстың
ішіне салыңыз.
1
Тостағанды сағат тілімен бұрып мотор бөліміне бекітіңіз де, тостағанға құрал
ұстағышын салыңыз.
»
Тостаған дұрыс тағылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі.
2
Илеу құралын ұстағышқа орнатыңыз.
3
Азықты тостағанға салыңыз.
4
Тостағанның қақпағын жабыңыз да, қақпақты сағат тілімен бұрап бекітіңіз.
»
Қақпақ дұрыс жабылғанда, сырт еткен дыбыс естіледі, ал қақпақ тостаған
тұтқасына бекітіледі.
5
Тығындағышты тамақ салатын түтікке кіргізіңіз.
6
Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз.
7
Тұтқаны
1
позициясына бұраңыз.
8
1-кестеде ингредиенттер үшін қажетті дайындау уақытын, ең көп мөлшерді және
жылдамдық параметрін тексеріңіз.
9
Қолданыстан кейін тұтқаны
0
позициясына бұрап, құралды тоқтан суырыңыз.
Қазақша
1 Маңызды ақпарат
Құралды қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, болашақта анықтама
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
•
Мотор бөлімін суға салуға немесе оны ағын су астында шаюға болмайды.
Абайлаңыз!
•
Құрал жұмыс істеп тұрғанда, тамақ салатын түтікке ингредиенттерді салу
үшін саусақтарыңызды немесе басқа затты ешқашан пайдаланбаңыз. Тек
тығындағышты пайдаланыңыз.
•
Құралды розеткаға жалғамас бұрын, құралдың астында көрсетілген кернеудің
жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
•
Қауіпті жағдай орын алмауы үшін, бұл құралды таймер арқылы істетпеңіз.
•
Қуат сымы, штепсель немесе басқа бөлшектер зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
•
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар
ауыстыруы керек.
•
Қозғалу, сезу немесе ойлау қабілеті төмен, тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құралды қауіпсіздігі үшін жауапты
адамның қадағалауынсыз немесе осы құралды пайдалану туралы нұсқауларсыз
пайдаланбауы керек.
•
Қауіпсіздік мақсатында балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
•
Құралдың қадағалаусыз істеп тұруына жол бермеңіз.
•
Блендер құмырасының немесе тостағанының қабырғаларына азық жабысып қалса,
құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. Жабысып қалған азықты күрекшемен
алып тастаңыз.
•
Дискілерді, тағам процессорының пышақ бөлігін және блендердің пышақ бөлігін
ұстағанда немесе тазалағанда абай болыңыз. Кесетін жүздері өте өткір.
•
Пышақтардың жүзін ұстамаңыз (әсіресе құрал қуат көзіне қосулы тұрған кезде).
Пышақтар өте өткір.
•
Пышақ кептеліп қалған жағдайда, пышаққа тұрып қалған азықты алмас бұрын
құралды розеткадан ажыратыңыз.
Ескерту
•
Құралды блендер құмырасын, тостағанды немесе олардың қақпақтарын бұрап
өшірмеңіз. Құралды әрқашан тұтқаны
0
позициясына бұрау арқылы өшіріңіз.
•
Қолданып болған соң құралды дереу розеткадан ажыратыңыз.
•
Блендер құмырасына саусақ немесе басқа зат салмас бұрын құралды розеткадан
ажыратыңыз.
•
Тостағанның немесе құмыраның қақпағын ашпас бұрын құралдың жылжымалы
бөлшектерінің тоқтауын күтіңіз.
•
Құмыраның немесе тостағанның ең жоғарғы көрсеткішінен асырмаңыз.
•
Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап
тазалаңыз.
•
Қосалқы құралдарды шығару, тазалау немесе ауыстыру алдында құрылғыны өшіріп,
розеткадан ажыратыңыз.
•
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы
құралдар мен бөлшектерді пайдаланушы болмаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен
бөлшектерді пайдалансаңыз, құралдың кепілдігі өз күшін жояды.
•
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
•
Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген көлемдер мен өңдеу уақытынан
асырмаңыз.
•
Ыстық азықтарды өңдемес бұрын суытып алыңыз (< 80 °C).
•
Әр партияны өңдегеннен кейін құралды міндетті түрде бөлме температурасына
дейін суытып алыңыз.
•
Кейбір азық түрлері бөлшек беттерінің түстерін өзгертуі мүмкін. Бұл бөлшектерге
кері әсер етпейді. Бөлшек түсі әдетте белгілі бір уақыттан кейін қалпына келеді.
•
Шу деңгейі = 85 дБ [A]
Электро магниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық талаптарға
сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей және ұқыпты қолданылған жағдайда,
құралды пайдалану қазіргі ғылыми дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.
Қайта өңдеу
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі болса, өнім Еуропалық
2002/96/EC директивасына кіретінін білдіреді.
Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Электр және
электрондық өнімдердің бөлек жиналуы туралы жергілікті ережелермен танысыңыз.
Ескі өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы қоршаған ортаны және адам
денсаулығын сақтап қалуға болады.
2 Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!
Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome
торабында тіркеңіз.













