Centek WiFi, èíâåðòîð, êîìïðåññîð GMCC, àíòèáàêòåðèàëüíûé ôèëüòð, 4D âîçäóøíûé ïîòîê CT-65Q12 WiFi - Инструкция по эксплуатации - Страница 34

Кондиционеры Centek WiFi, èíâåðòîð, êîìïðåññîð GMCC, àíòèáàêòåðèàëüíûé ôèëüòð, 4D âîçäóøíûé ïîòîê CT-65Q12 WiFi - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 50
Загружаем инструкцию
background image

33

10. iCLEAN (Тазарту) батырмасы

Кондиционер өшірулі кезде батырманы басқанда, ішкі блокты тазарту
режимі қосылып, пульт дисплейінде «iCLEAN» индикаторы мен «CL»
символдары жарқылдап көрініп, ішкі блоктың сыртқы панеліндегі ди-
сплейде «CL» символдары көрінеді. Тазарту блоктың буландырғышы
мен ішкі қуыстарының бетіндегі ылғалды кетіру үшін қажет. Ылғалды
кетіру бактериялардың пайда болып, өсуінің, сондай-ақ блок ішінде
көгістің  түзілуінің  алдын  алады.  Тазарту  режимінің  ұзақтығы  35  ми-
нутқа созылады. Кондиционерді өшіргенде немесе батырманы қайта
басқанда режимі айрылып қалады.

11. Anti-Fungus (Зеңге қарсы) батырмасы

Қашықтан  басқару  пульті  мен  кондиционер  өшірулі  кезде  батырма-
ны  басу  кондиционер  өшірілгеннен  кейін  ішкі  блокты  автоматты  үр-
леу  режимін  қосып,  пульт  дисплейінде  «Anti-FUNGUS»  индикаторы
жарқылдайды.  Режимнің  қосылғаны  пәрмендердің  қабылданғанын
растайтын алғашқы бес сигналдан соң шығатын дыбыстық сигналдар
сериясымен расталады. Бұл функция іске қосылғанда, кондиционер әр
қосылған сайын ол айырылып қалғанға дейін, ішкі блоктың желдеткіші
қосымша үш минут бойы төмен жылдамдықпен жұмыс істейді.
Бұл  функция  буландырғыштың  зеңденуінің  алдын  алуға,  соңынан
жағымсыз иістің таралуының алдын алуға бағытталады.
Функция орындалып жатырған кезде және толық аяқталғанға дейін
кондиционерді қайта қоспаған жөн.
Кондиционерді қорек көзінен ажыратудан басқа жағдайларда конди-
ционерді  алдағы  уақыттағы  өшірулер  кезінде  режим  әдепкідей  жұ-
мыс істейтін болады.
Басқару  пульті  және  кондиционер  өшірулі  болған  кезде  конди-
ционерді  қорек  көзінен  айыру  немесе  батырманы  қайта  басу  Anti-
FUNGUS режимін өшіреді. Режимнің өшірілгені пәрмендердің қабыл-
данғанын растайтын алғашқы бес сигналдан соң шығатын дыбыстық
сигналдар сериясымен расталады.

12. Display (Дисплей) батырмасы

Батырманы басқанда ішкі блоктың сыртқы панелінде дисплей жарық-
шасы  өшіріліп,  пульт  дисплейінде  «DISPLAY»  индикаторы  жарқыл-
дайды, қайта басқан кезде ішкі блоктың сыртқы панеліндегі дисплей
жарықшасы қосылады.

13. Mode (Жұмыс режимі) батырмасы

Батырманы басқан сайын кондиционердің жұмыс режимі келесі рет-
пен өзгереді: Автоматты / Салқындату/ Құрғату / Жылыту / Желдету.
Пульт  дисплейінде  тиісті  режимнің  индикациясы  жарқылдайды:
«AUTO»  (Автоматты),  «COOL»  (Салқындату),  «DRY»  (Құрғату),
«HEAT» (Жылыту), «FAN» (Желдету).
Автоматты режимде кондиционер бөлмежайдағы ауаның температу-
расына  қарай салқындату немесе жылыту режимін автоматты түрде
таңдап, пайдаланушы үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Мақсаттық
температура басқару пультінің дисплейінде көрсетілмейді және оны
өзгерту мүмкін емес.
Желдету  режимінде  кондиционер  ішкі  блоктың  желдеткішін  ғана
қосады.  Бұл  режимде  кондиционер  бөлмежайдағы  температураны
қолдамайды. Мақсаттық температура басқару пультінің дисплейінде
көрсетілмейді және оны өзгерту мүмкін емес.
Назар аударыңыз! Кондиционер таза ауа ағынын келтірмейді!

14. °C/°F батырмасы

Функция қолданылмайды.

15. Мақсаттық температураны ұлғайту батырмасы

Батырманы  басқан  сайын  +16...  +32°С  диапазонында  мақсаттық
температура мәні 1°С-қа ұлғаяды. Мақсаттық температураның беріл-
ген мәні пульт дисплейінде және ішкі блоктың сыртқы панелінде көр-
сетіледі.

16. Мақсаттық температураны азайту батырмасы

Батырманы  басқан  сайын  +16...  +32°С  диапазонында  мақсаттық  тем-
пература мәні 1°С-қа азаяды. Мақсаттық температураның берілген мәні
пульт дисплейінде және ішкі блоктың сыртқы панелінде көрсетіледі.

Содержание

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Centek WiFi, èíâåðòîð, êîìïðåññîð GMCC, àíòèáàêòåðèàëüíûé ôèëüòð, 4D âîçäóøíûé ïîòîê CT-65Q12 WiFi?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"