Кофеварка Polaris PCM 1530AE Adore Cappuccino - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

70
71
6.
Кофені дайындап болғаннан соң, кофеқайнатқыш құрылғыны одан әрі пайдаланбайтын
болсаңыз, кофеқайнатқыш құрылғының қуатты ажыратып қосатын іске қосу/сөндіру
ауыстырғыш-қосқыш тетігін сөндіру қалпына бұра орнатыңыз, содан кейін, оның электрмен
қоректендіретін электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігін электрлік қоректену
желісінен ажыратыңыз. Іске қосылып тұрған құрылғыны ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Сүзгі бөлігінде кофе қалдықтарын ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Кофеқайнатқыш құрылғымен
пайдаланып болған соң, сүзгінің бітеліп қалуын және де кофеқайнатқыш құрылғының
бөліктеріне жабысып қалған, қиын жойылатын қалдықтарын алдын алу үшін тазартуды кеш
уақытқа қалдырмай орындаңыз, дегенмен кофеқайнатқыш құрылғымен пайдаланып болған
соң, бірден оның сүзгісін және алынбалы тұпқоярын тазартып, жуып - шайыңыз.
КА П У Ч И Н О КО Ф Е Н І Д А Й Ы Н Д АУ ТӘ С І Л І
1.
Кофеқайнатқыш құрылғының суға арналған резервуарында судың деңгейін қадағалаңыз,
қажет болса - құрылғыдан суға арналған резервуарын шешіп алыңыз да, оны таза, салқын ауыз
суымен толтырыңыз. Кофеқайнатқыштың суға арналған резервуарын сумен толтыру барысында,
оны «MAX» белгісінен асыра толтырмаңыз. Кофеқайнатқыш құрылғының суға арналған
резервуарына су құйған соң, оны кофеқайнатқыш құрылғының сыртқы корпусына орнатып
қойыңыз. Кофеқайнатқыш құрылғының суға арналған резервуарына кофе ұнтағын не дәндерін
салуға тыйым салынады, бұл құрылғының істен шығуына әкеп соғады.
2.
Алдымен дәмді және ыстық кофе әзірлеу үшін кофеқайнатқыш құрылғыны зарядттап
дайындаңыз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың «Құрылғыны іске қоспас бұрын
пайдалануға дайындау жөніндегі нұсқаулар және кофеқайнатқыш құрылғыны пайдалану
жөніндегі талаптар» тарауындағы көрсетілген нұсқамаларын башылыққа ала отырып, оған
сәйкес қарастырылған әрекеттерді орындаңыз.
3.
Кофеқайнатқыш құрылғыдан сүт құюға арналған резервуарын шешіп алыңыз, содан кейін,
құрылғының сүтке арналған резервуарын сүтпен толтырыңыз (Кофеқайнатқыш құрылғының
сутке арналған резервуарын сутпен толтыру барысында, оны «мах» белгісінен асыра және «мin»
белгісінен төмен толтырмаңыз). Құрылғының сүтке арналған резервуарына сүт құйып болған
соң, оны кофеқайнатқыш құрылғының сыртқы корпусына орнатып қойыңыз.
4.
Кофе құюға арналған алмалы ыдысты немесе кофе құюға жарайтын шыны-аяқ сияқты
сыйымдылықты сүзгіш ұстағышының (сопло) шүмегінің астына, яғни түтік тәрізді шүмегі
орналасқан тұпқоярының торына орналастырып қойыңыз. Егер пайдаланатын шыны-аяқ шағын
мөлшерлі болса, қайнап тұрған су жан-жаққа шашырамауы үшін кофеқайнатқыш құрылғының
жылжымалы және реттелетін тұғырығын (платформасын) пайдаланыңыз. Капучино кофе құюға
жарайтын шыны-аяқтың көлемі (сыйымдылығы) 200-300мл. аса болуы тиіс.
5.
Содан кейін, буды шығаратын (сопло) түтікті шүмегінің еңкею қалпын реттеңіз, оның ішінен
бумен бірге көпіршіген қалын кілегейлі қаймақ көбігі біршама мөлшерде дәл шыны-аяққа
бөлініп шығуы тиіс.
6.
Буды шығаратын түтікті шүмегінің еңкею қалпын реттеп, қажеттілігіне қарай оны солға
қарай (көпіршіген қалын кілегейлі қаймақ көбігі аз мөлшерде) немесе он жаққа қарай (көпіршіген
қалын кілегейлі қаймақ көбігі көбірек мөлшерде бөліп шығару үшін) бұрап орнатыңыз.
7.
Бір шыны-аяқ Капучино кофені дайындау үшін қолданылатын «Cappuccino кофенің
порциясының бір мөлшері» батырмасына басыңыз. Сол сәтте бұл батырмасының жарық
индекаторы жанады, және кофеқайнатқыш құрылғы бір шыны-аяқ кофені дайындайды.
8.
Екі шыны-аяқ Капучино кофені дайындау үшін қолданылатын «Cappuccino кофенің
порциясының екі мөлшері» батырмасына басыңыз. Сол сәтте бұл батырмасының жарық
индекаторы жанады, және кофеқайнатқыш құрылғы екі шыны-аяқ кофені дайындайды.
Ескертпе: Кофені белгіленген мөлшерден екі есе аз мөлшерде дайындау үшін, кофе әзірлеу
барысында шыны-аяқ қажетті деңгейге дейін толған кезде құрылғының басқару панелінің
бетіндегі кез келген функциясының батырмасына басып, қую үдерісін қолмен сөндіріңіз.
Назар аударыңыздар! Мөлшерлеу үдерісі аяқталған соң біршама уақыт сүзгі ұстағышының
шүмегінен қайнатылған кофенің қалдықтары ағады.
9.
Кофені дайындап болғаннан соң, кофеқайнатқыш құрылғыны одан әрі пайдаланбайтын
болсаңыз, кофеқайнатқыш құрылғының қуатты ажыратып қосатын іске қосу/сөндіру
ауыстырғыш-қосқыш тетігін сөндіру қалпына бұра орнатыңыз, содан кейін, оның электрмен
қоректендіретін электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігін электрлік қоректену
желісінен ажыратыңыз. Іске қосылып тұрған құрылғыны ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыздар! Буды шығаратын түтік тәрізді шумегінен бумен бірге біршама мөлшерде
су бөлініп шығуы мүмкін.
Кофеқайнатқыш құрылғы әрбір пайдаланған сайын оның буды шығаратын алынбалы түтікті
шүмегін жылы суда, жұмсақ қыл қылшақтың (ысқыштың) көмегімен жуып шығыңыз. Оның
ішінде май қалдықтардың пайда болуына жол бермеңіз.
Ескертпе: Жұмсақ қыл қылшақ (ысқыш) құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кірмейді.