Газонокосилки Makita LXT DLM432CT2 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

32
ҚАЗАҚША
24.
Шапқыш бөгде нысанға соғылса, осы
қадамдарды орындаңыз:
- Шапқышты тоқтатып, қосқыш иінтірегін
босатып, жүзінің толығымен тоқтауын күтіңіз.
- Құлыптау кілті мен аккумулятор
картриджін алыңыз.
- Шапқышты зақымға дұрыстап тексеріңіз.
- Жүзі белгілі бір жолмен зақымдалған
жағдайда, оны ауыстырыңыз. Шапқышты
қайта іске қосу және пайдалана беру
алдында зақымын жөндеңіз.
25.
Шығатын саңылау алдында тұрған кезде
шапқышты іске қосуға болмайды.
26.
Шапқыш қалыпсыз дірілдей бастаса (бірден тексеріңіз)
- зақымға тексеріңіз;
- зақымдалған бөлшектерді ауыстырыңыз
немесе жөндеңіз;
- бос бөлшектерге тексеріп бекемдеңіз.
27.
Шыққан материалды әлдекімге бағыттауға
болмайды. Материалды қабырғаға немесе
кедергіге қарсы шығаруға болмайды.
Материал операторға кері келуі мүмкін.
Қиыршықтаспен жабылған беттерден өткен
кезде жүзін тоқтатыңыз.
28.
Толығымен қажет болмайынша, шапқышты
артқа тартуға болмайды.
Шапқышты
тақтайшадан немесе басқа ұқсас кедергіден артқа
тартқанда асты мен артына мұқият қараңыз.
29.
Шөп қысқышты алу алдында моторды өшіріп,
жүзінің толық тоқтауын күтіңіз.
Өшіргеннен
кейін, жүздері айналатынына көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету және сақтау
1.
Қауіпсіздік мақсатында тозған немесе
зақымдалған бөлшектерді бірден ауыстырыңыз.
Тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді және
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
2.
Шапқышты жүйелі тексеріп, техникалық
қызмет көрсетіңіз.
3.
Қолданылмаған кезде, шапқышты балалар
қолы жетпейтін орында сақтаңыз.
4.
Жабдықтың қауіпсіз жұмыс жағдайында
екеніне көз жеткізу үшін, барлық сомындарды,
болттар мен бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
5.
Шөп себетін тозу немесе нашарлау
белгілеріне жиі тексеріңіз. Сақтау үшін
шөп себетінің бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Қауіпсіздікті сақтау үшін тозған шөп себетін
зауыттан шыққан нұсқасымен ауыстырыңыз.
6.
Тек осы нұсқаулықта көрсетілген өндірушінің
түпнұсқалы жүздерін пайдаланыңыз.
7.
Шапқыштың қозғалмалы жүздері
мен бекітілген бөлшектері арасында
саусақтарыңыз қалып қалмас үшін,
шапқышты реттеу барысында абай болыңыз.
8.
Шлангімен жууға болмайды; мотор
мен электр байланыстарға судың өтуін
болдырмаңыз.
9.
Дұрыс бекемдеу үшін жүзін бекіту болтын
жиі аралықтармен тексеріңіз.
10.
Сақтау алдында шапқыштың сууына үнемі
мүмкіндік беріңіз.
11.
Жүздеріне қызмет көрсету кезінде, тіпті қуат
көзінен ажыратылса да, жүздері қозғала
беруі мүмкін.
12.
Қауіпсіздік құрылғыларымен түртуге немесе
алуға болмайды. Дұрыс жұмысын жүйелі
тексеріңіз. Қауіпсіздік құрылғысының
арнайы функциясымен кедергі келтіруге
немесе қауіпсіздік құрылғысымен берілген
қорғанысты азайтуға болмайды.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
зарядтаңыз.
Бір аккумулятор блогына сәйкес
келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор
блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез
келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қапуін тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін
басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы
күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген
болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену
немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз.
Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз.
Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Электрлік және аккумулятор қауіпсіздігі
1.
Аккумулятор(лар)ды отқа тастамаңыз.
Элементі жарылуы мүмкін. Кәдеге жарату
бойынша арнайы ықтимал нұсқауларды
жергілікті нормалардан қараңыз.
2.
Аккумулятор(лар)ды ашпаңыз немесе
бүлдірмеңіз.
Құрамындағы электролит өте
улы және көз немесе теріні зақымдауы мүмкін.
Жұтып қойған жағдайда улы болуы мүмкін.
3.
Аккумуляторды жаңбыр астында немесе
ылғалды жерлерде зарядтамаңыз.
4.
Аккумулятор картриджін сыртта
зарядтамаңыз.
5.
Зарядтау ашасымен және клеммаларымен қоса
зарядтау құрылғысын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Содержание
- 17 ТЕХНИЧЕСКИЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ; Подходящий блок аккумулятора и зарядное устройство; Символы
- 18 МЕРЫ БЕЗОПАСНОСТИ; Сохраните брошюру с инструк
- 21 СОХРАНИТЕ ДАННЫЕ; Важные правила техники
- 22 СБОРКА; Установка крышки аккумулятора
- 23 ОПИСАНИЕ РАБОТЫ
- 24 Защита от перегрузки
- 25 ЭКСПЛУАТАЦИЯ
- 26 ОБСЛУЖИВАНИЕ; Обслуживание
- 27 Установка лезвия газонокосилки; ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ
- 28 ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ













