Фены Polaris PHD 2250TDi - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

20
Қалғыған жағдайда құралды пайдаланбаңыз.
Жоғары температура әсерінен оңай түрде формасын өзгертетін заттардың маңында құралды пайдаланбаңыз.
Ыстық ауа ағының көзге және дененің өзге аймақтарына бағыттамаңыз, бұл әсіресе ыстық ауаға сезімтал дене
бөліктеріне қатысты.
Жасанды шаш пен парикті кептіру үшін фенді қолданбаңыз.
Құралдың жұмысы барысында шашты реттеуге қажетті спрей мен лакты пайдаланбаңыз.
Құралдың жұмысы барысында ауаның шығу және кіру саңылауларын жаппаңыз. Бұл құралдың қызып кетуіне
әкеп соғуы мүмкін.
Жұмыс жасап тұрған фенді қолдан түсірмеңіз. Бұл жарақаттың пайда болуына, құрал мен қоршаған заттардың
зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін.
Құралдың ішіне бөгде заттардың, шаңның, мамықтың, шаш мен жануардың жүнінің түспеуін қадағалаңыз.
Құрал қызып кетсе ол өздігінен автоматты түрде сөнеді. Құралға бірнеше секунд ішінде сууына уақыт беріңіз
және оны қайта қосыңыз.
Құралды сақтамас бұрын ол толығымен суығанша күте тұрыңыз.
11. ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК
БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек мақсаты бойынша тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт бойы
пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп
соғуы мүмкін.
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақаулығы анықталған
жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда сонымен ақаулығы анықталған жағдайда, құралды қолданбаңыз.
Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеру
тиіс.
Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген
немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке
жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден
ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте
пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн сәулесінен, сүйір
бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал суланған жағдайда оны бірден желіден
ажыратыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын, желідегі қолданылатын
электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз
жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығы нан айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында және оның қондырмаларын
алмас немесе орнатпас бұрын, сондай-ақ, құрал сынып, істен шыққан жағдайда, оны әрдайым желіден
ажырату қажет.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның жылдамдылығын ауыстырып қосатын тетігі «ӨШІРІЛУ» күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Содержание
- 3 Насадка-концентратор; ЧИСТКА И УХОД
- 4 ТРЕБОВАНИЯ ПО УТИЛИЗАЦИИ; Неисправность; Неисправна розетка; пожалуйста, в Авторизованный сервисный центр POLARIS; СПЕЦИАЛЬНЫЕ УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ ДАННОГО ПРИБОРА
- 6 года; Срок гарантии на изделие:
- 7 Модель:; Использования изделия в целях, для которых оно не предназначено
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)