Бензопилы Stihl MS 462 C-M 20″ Rollomatic ES Light 11422000127 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

0458-790-4921-A
8
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Жұмыс барысында пайдаланушы айналмалы ара
шынжырымен жанасуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Тіленуден қорғауы бар ұзын шалбар киіңіз.
■ Ағашпен жұмыс істеу барысында пайдаланушы
жаралануы мүмкін. Тазарту немесе техникалық қызмет
көрсету барысында пайдаланушы ара шынжырымен
жанасуы мүмкін. Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
■ Егер пайдаланушы сай келемейтін аяқ киімді кисе, ол
тайғанауы мүмкін. Егер пайдаланушы араның
айналмалы ара шынжырымен байланысқа түссе, ол
жаралануы мүмкін. Пайдаланушы жарақат алуы
мүмкін.
► Мотоарамен жұмыс істеуге арналған тіленуден
қорғауы бар қоныштары жоғары етік киіңіз.
4.5 Жұмыс кеңістігі және қоршаған орта
Сақтандыру
■ Бөгде тұлғалар, балалар және жануарлар мотоара пен
лақтырылған заттардың қауіптілігін түсінбеуі және
оған мән бермеуі мүмкін. Бөгде адамдар, балалар
және жануарлар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар жұмыс
учаскесінен алшақ жерде болуы тиіс.
■ Егер қозғалтқыш жұмыс істеп тұрса, шуылжұтқыштан
ыстық пайдаланылған газдар бөлінеді. Ыстық
пайдаланылған газдар оңай жанатын материяның
тұтануына және өрттің пайда болуына себепші болуы
мүмкін.
► Оңай жанатын материалдар пайдаланылған
газдардың ағысынан жеткілікті қашықтықта болуы
тиіс.
4.6 Қауіпсіз күй
4.6.1 Мотоара
Егер келесі шарттар сақталса, мотоара қауіпсіз күйде
болады:
– Мотоара зақымдалмаған.
– Мотоарадан жанармай өтіп кетпейді.
– Жанармай багының тежеуіші мен май багының
тежеуіші жабық.
– Мотоара таза күйінде.
– Шынжыр ұстап алғыштың құрылғысы орнатылған және
жарамды күйде.
– Ара шынжырының тежегіші қызмет етеді.
– Пайдалану элементтері жұмыс істеп тұр және
ешқандай өзгеріске ұшырамады.
– Шынжырды майлауға арналған май қызмет етеді.
– Шынжыр жұлдызшасына түсу іздері 0,5 мм-ден терең
емес.
– Осы пайдалану нұсқаулығында көрсетілген
бағыттаушы шина мен ара шынжыры
құрамдастырымдарының бірі кіріктірілген.
– Бағыттаушы шина мен ара шынжыры дұрыс
орнатылған.
– Ара шынжыры дұрыс тартылған.
– Мотоарада тек қана түпнұсқалы STIHL құрал-
жабдықтар орнатылған.
– Құрал-жабдықтар дұрыс орнатылған.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)